Fake News

Қазақстандықтарды тағы да уланған су туралы фейкпен қорқытуда

Whats’ App мессенджерінде вирусты ауыз су арқылы таратып жатқаны туралы хабарламалар тағы да шықты. Ауру жұқтырудың алдын алу үшін хабарлама авторы қазақстандықтарға суды алдымен сырлы ыдыста қайнатып алуға, содан кейін ғана ішуге кеңес береді.

Осыған ұқсас фейк Қазнетте осы жылдың тамыз айында тараған болатын. Ол кезде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі уланған су туралы қауесетті ресми түрде жоққа шығарған болатын.

– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Азаматтарды мұндай арандатушылықтарға бармауға және мемлекеттік органдардың ресми парақшаларында жарияланатын ақпаратты оқуға шақырамыз. Денсаулық сақтау министрлігі барлық қабылданған шешімдер, оның ішінде бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулылары мен коронавирустық инфекция жұқтырған науқастарды емдеу хаттамаларындағы өзгерістер туралы азаматтарды барынша жедел хабардар етеді. Бұл ақпараттың барлығы баршаға қолжетімді, – деп хабарлады ведомстводан. 

Желіде судағы у туралы хабарламалар жиі тарайды. Осы жылдың басында қалалық су желілеріндегі улы заттар туралы қауесеттер Ресейде тараған болатын. Билік оларды да жоққа шығарды. 

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button