Жаңалықтар

Фейк: «Опра Уинфри балаларды сатқаны үшін қамауға алынды»

Қазнет пайдаланушылары танымал тележүргізуші Опра Уинфри балаларды сатқаны үшін үйқамақта отырғаны туралы хабарламаларды талқылауда. Оны жақында ханзада Гарри мен Меган Марклмен өткізген сұхбатында көзге түскен электронды бақылау білезігінен байқаға болады. дәлел. Бұл өтірік.


Опра Уинфри, басқа да бірқатар атақты тұлғалар балаларды жыныстық құлдыққа сатқаны үшін қамауға алынды деген теория өткен жылы шыққан. Бұл планетаның ең бай адамдарының шағын тобы бүкіл әлемді басқарады деген сенімге негізделген QAnon конспирологиялық теориясының бір бөлігі. 2020 жылы ФТБ QAnon-ды ішкі террористік қауіп деп таныды.
Шын мәнінде, Опра Уинфри ешқашан адам саудасы үшін қамауға алынған емес. Қазір ол үй қамауында отырған жоқ, бұған Меган Маркл мен ханзада Гарримен өткізген сенсациялық сұхбат оның үйінде емес, Калифорниядағы досының үйінде түсірілгені дәлел бола алады.
Қастандық теориясын жақтаушылар тележүргізушінің тобығындағы білезік деп ойлаған нәрсе – етіктің бүктелген жері. Ол сұхбат кезінде түсірілген басқа кадрларда айқын көрінеді. Сонымен қатар, түсірілім екі жерде өтті: террассада және тауық қорада, онда корольдік отбасының бұрынғы мүшелері мен Опра басқа киімде болды. Тележүргізуші қысқа етік киді және одан электронды білезікке ұқсайтын бүктелген жерлер мен бұдырлар көрінбеді.

Опра Уинфридің өзі де қамауға алынуы және адам саудасына қатысқаны туралы қауесетті жоққа шығарғанын атап өткеніміз жөн. Өткен жылдың наурыз айында қауесеттер Желіде енді ғана тарай бастаған кезде, ол өзінің Twitter-дегі парақшасында: «Маған жаңа ғана қоңырау шалып, атым трендке айналғанын айтты. Мен туралы қорқынышты фейк жаңалықтар таратуда. Бұл жалған. Тінту жүргізілген жоқ, мені қамауға алған жоқ» деп жазды.

Қорыта айтқанда, Опра Уинфридің үйқамаққа алынуы және бақылау білезігі туралы қауесет – бұл көпшіліктің назарын, негізсіз екендігі дәлелденген қастандық теориясына қайтару әрекеті болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button