Fake News

Билл Гейтс вакцинация қауіпті және қателік болды деп мәлімдеген жоқ

Белгілі Telegram чаттарында пайдаланушылар Билл Гейтстің видеосын таратуда. Ол онда OVID-19-ға қарсы егу науқаны қателік болды дейді. «Вирус біз ойлағаннан әлдеқайда қауіпті, ал вакцина біреулер ойлағаннан әлдеқайда қауіпті». Мұның бәрі өтірік.


Таралған видеода Билл Гейтс олай айтпайды. Тіпті мағынасы жағынан ұқсас сөздер де жоқ.
Бұл видеоүзінді Гейтстің «Келесі пандемияны қалай болдырмауға болады» атты кітабының Нью-Йорктегі тұсаукесерінде сөйлеген сөзінен алынған.
Видео Гейтстің не туралы айтып жатқаны түсініксіз болатындай етіп қиылған.
Роликті толық тыңдағанда онда 2020 жылдың қаңтарында ауру туралы алғаш рет мәлім болғанда адамдардың COVID-19-ға көзқарасы қандай болғандығы туралы айтылатынын түсінеміз.
– Ол кезде өлім-жітімнің қандай екенін аса білмедік, өлім-жітім көрсеткіші өте төмен, бұл ауру негізінен егде жастағы адамдарда болады және тұмаудан сәл ғана өзгешелігі бар деп ойладық. Бұл өте қорқынышты кезең болды, дүниежүзі, соның ішінде Америка Құрама Штаттары, қажет болғанынша тез дайын болмайынша», – дейді Билл Гейтс видеода.
Яғни, таралған видеода вакцинация туралы айтылмайды. Кадрда Гейтс әлемдік қауымдастықтың пандемияға алғашқы реакциясы аса белсенді болмағаны және ауруды басу үшін қажетті шаралар қабылданбағаны туралы ой қозғайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button