Fake News
Фейк: «Алматы әуежайы ұшақтар қабылдамайды»
Telegram мессенджерінде Алматы халықаралық әуежайы ұшақтарды қабылдамай жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл жалған.
Алматы әуежайы өкілдерінің хабарлауынша, әуе порты штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
– Әуежай ұшақтарды қабылдамай жатыр деген ақпарат жоқ. Барлық ұшақтар, әдеттегідей, кесте бойынша ұшып-қонуда, – деп хабарлады Алматы әуежайынан.
Демек, тараған ақпарат фейк.
Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР заңнамасымен жауапкершілік қарастырылған.