Fake News

COVID-19 қарсы вакциналар пандемия басталғанға дейін әзірленбеген

Қазақстандықтар ресейлік тележүргізуші Мария Шукшина ғалымдармен COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцина жайлы әңгімелескен видеоны талқылауда. Әңгіме барысында олар «Спутник-V» вакцинасы пандемияға дейін бірнеше ай бұрын дайын болған деген болжам айтады. Бұл олай емес.


Біріншіден, COVID-19 қарсы вакциналар алдын ала дайындалуы мүмкін деген теория сын көтермейді. Дәрі-дәрмектің қысқа мерзімде әзірленуін, ауру қоздырғышы (SARS-CoV-2 вирусы) табылғанға дейін ғалымдар SARS, MERS және басқа коронавирустармен жұмыс істегенімен түсіндіруге болады. Сондықтан препаратты жасау үшін осы саладағы бұрынғы әзірлемелер қолданылды. Сонымен қатар, вакцина әзірлеу жұмыстары әлем бойынша жүргізілгендіктен, мамандар сынақтар мен әзірлеу әдістері жайлы мәліметтермен белсенді түрде алмасты. Бұл процесті тездетті.
Екіншіден, «Спутник-V» вакцинасының өте тез әзірленуі туралы сұраққа Гамалея атындағы орталық қызметкерлері бірнеше рет жауап берген болатын. Мысалы, орталық директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Денис Логунов препаратты жасау үшін MERS коронавирусынан туындаған таяу шығыс респираторлық синдромына қарсы вакцина қолданылғанын хабарлады. Бұл вакцина да аденовирустық вектор негізінде жасалды. «Спутник-V» әзірлеу үшін қолданыстағы вакцинадағы вирус ақуызы ғана өзгертілді.
– Бета-коронавирустар тобынан осы тектес басқа коронавирус пайда болған кезде, не және қалай істеу керектігі туралы күмән болған жоқ. Шығармашылық жағынан қиналған жоқпыз. Былайша айтқанда, көшіре салдық», – деді Денис Логунов.
Орталық директоры Алексадр Гинцбург те Ресей президенті Владимир Путинмен әңгіме барысында осыны растады.
Демек, ауруға қарсы вакцина әлемде ауру таралғанға дейін әзірленді деген теория дұрыс емес.

Тележүргізуші Мария Шукшина таратқан фейктерді бұған дейін де жоққа шығарған едік. Ол «Спутник-V» адамның ДНҚ өзгерте алады, ал Қазақстан вакциналарды сынау, цифрландыру және жыныстық ағарту полигоны болып табылады деген болатын.

 

Фейк: «Қазақстан – вакцинациялау, цифрландыру және жыныстық ағартуды сынақтан өткізуге арналған полигон»

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button