Fake News

Фейк: «Болашақта барлық вакциналар COVID-19 қарсы екпелерге айналады»

Telegram чаттарында болашақта барлық вакциналар COVID-19 қарсы екпелерге айналады және басқа егулер тоқтатылады деген ақпарат тарады. Пайдаланушылар мРНҚ платформасында жасалған тұмауға қарсы жаңа вакцина туралы жаңалықтардан кейін осындай қорытындыға келді. Бұл нені білдіреді? Таралған ақпаратқа сенуге бола ма? Айтайық.

мРНҚ технологиясына негізделген тұмауға қарсы әмбебап вакцина бар және бір ғана емес. Мұндай алғашқы препаратты Moderna әзірлеген, бірақ клиникалық сынақтар нәтижесі көңіл көншітерлік емес.

Екінші препаратты Вакциналарды зерттеу орталығының (VRC) және Ұлттық аллергия және жұқпалы аурулар институтының (NIAID) мамандары жасады. Оның сынақтары әлі басталған жоқ, себебі қазір еріктілер тартылуда. 

Вакциналар мРНҚ технологиясының көмегімен жасалса, бұл оның COVID-19 қарсы вакцина екендігін білдірмейді.

Вакцина жасаудың бірнеше технологиясы бар. Белсенді емес вакциналар, тірі әлсіретілген вакциналар, векторлық вакциналар, мРНҚ және ДНҚ вакциналары бар. Осы платформалардың кез келгенінде әртүрлі ауруларға қарсы вакциналар жасалады. мРНҚ платформасында әртүрлі ауруларға қарсы вакциналар әзірленеді. Егер препарат өндірісінде SARS-CoV-2 вирусының генетикалық кодын қолданса, онда вакцина ол тудыратын COVID-19 ауруынан қорғайды. Егер басқа вирустың генетикалық материалы, мысалы, тұмау вирусы қолданылса, онда препарат басқа ауруға емес, тұмауға қарсы тиімді болады.

Демек, мРНҚ технологиясын қолдану тек COVID-19 қарсы вакциналар ғана жасалады дегенді білдірмейді. Бұл платформада әртүрлі ауруларға, соның ішінде тұмауға қарсы вакциналар жасауға болады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button