Fake News

Фейк:«1 қарашада вакцинация мәртебесі негізінде балаларды тартып алуға мүмкіндік беретін заң қабылданады»

Қазақстандықтар мессенджерлерде биыл 1 қарашадан бастап вакциналау мәртебесі негізінде балаларды отбасылардан тартып алуға мүмкіндік беретін заң күшіне енетіні туралы хабарлама тарады. Бұл фейк.


ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл таратылымды жоққа шығарды.

– Ақпарат шындыққа жанаспайды. Мұндай заң жобасы жоқ. Мектептерде балаларды мәжбүрлеп вакцинациялау жүргізілмейді. Мектеп балаларға білім береді, әлеуметтенуге көмектеседі. Ата-аналардың келісімінсіз вакцинациялау туралы мәселе көтеріліп отырған жоқ. Қазақстандықтардан әлеуметтік желілерде резонанс тудыру үшін жеке азаматтар тарататын жалған ақпаратқа сенбеулерін сұраймыз, – деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұған дейін де осыған ұқсас фейктерді таратқан болатын. Олар балаларды мектепке кешігіп, жалғыз жүргені үшін тартып алады, ал ата-аналарды балаларын вакцинациялаудан бас тартқаны үшін психиатриялық клиникаларға жатқызады деп жазды. Сондай-ақ осы биыл қыркүйек айында Қазақстанда балаларды өлтіру стандартын енгізу жоспарланғаны туралы фейк кеңінен тарады. 
Баршаңызды осындай арандатушылыққа бой алдырмауға және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button