Фейк: «Google қолданушылардың телефондарына бақылау қосымшаларын жасырын түрде орнатады»
Желіде авторы «COVID-19 жұқтыру қаупі туралы хабарлама» функциясы бар телефонын көрсеткен видео талқылануда. Кадр сыртындағы дауыс «америкалық компания бұл қосымшаны сұрамастан және ештеңе түсіндірместен орнатады» және «оны өшіру мүмкін емес» деп мәлімдейді. Бұл жалған.
Біріншіден, видеода функцияның өшіп тұрғаны анық көрінеді. Мұны жаңа опцияның атауының астындағы «өшірілген» деген жазудан байқауға болады.
Екіншіден, Google қосымша жұмыс істейтін Exposure Notification технологиясын 2020 жылғы сәуір айында таныстырған болатын. Сондықтан бұл функция телефондарға жасырын түрде орнатылды деп айта алмаймыз.
Үшіншіден, «COVID-19 жұқтыру қаупі туралы хабарлама» функциясы барлығында үнсіз келісім бойынша өшірілген. Оны тек құрылғының иесі қажетті параметрлерді қолмен көрсете отырып, іске қоса алады.
Төртіншіден, Exposure Notification технологиясы пайдаланушыларды бақылауға мүмкіндік бермейді. Ол Bluetooth-бен жұмыс істейді және бұл функция іске қосылған жағдайда ғана бірқатар мобильді құрылғылардан сигналдарды қабылдай алады.
Бұған дейін StopFake.kz COVID-19 пациенттерін бақылауға арналған әртүрлі қосымшалар және олардың қаупі туралы егжей-тегжейлі жазған болатын.