Фейк: «мРНҚ вакциналары адам жасушаларын ауру мен өлімге бағдарламалайды»
Telegram мессенджерінде қазақстандықтар биыл күзде COVID-19-ға қарсы вакцина алған адамдардың денсаулығына байланысты елеулі проблемалар туындайтыны туралы теорияны алға тартты. Вакцинация «қараңғы нәсілдің тіршілік иелеріне» айналады екен және қыркүйек айында «іске қосылатын» жоғары тербелістерді қабылдай алмайды. Бұл туралы пайдаланушылар бөлісіп жатқан бейненің авторы мәлімдейді. Мұның барлығы өтірік.
Ролик авторының хабарлауынша, биыл күзде адамдарды жасушалық деңгейде «оятатын» жоғары тербелістер «іске қосылады» Бірақ нақты не жайлы айтып отырғанын айтпайды. Оның сөзінше, вакцина алған адамдар бұл тербелістерді қабылдай алмайды, өйткені иммундау препараттарындағы мРНҚ жасушалар құрылымын өзгертіп, оларды «қара нәсілді тіршілік иелеріне» айналдырады. Автор вакцинацияланған адамдардың денелері осы жылдың қыркүйегінде «жерге түседі» дейді.
Бұл сөздерге ешқандай дәлел жоқ.
Біріншіден, тербелістер – бұл тепе-теңдік бұзылған кезде серпімді дене немесе орта бөлшектерінің тепе-теңдік позициясынан кезектесіп қарама-қарсы бағытта мерзімді қозғалысы (мысалы, созылған сым музыкалық тондар ойнағанда немесе ауадағы молекулалар дыбыстарды құлаққа жеткізгенде). Дауыс немесе басқа да дыбыстарды, сондай-ақ бұлшықет кернеуін тербеліске мысал ретінде келтіріп өтуге болады. Адамның эмоциясы мен ойлары тербеліс бола алмайды, өйткені олар ми нейрондарындағы электрлік импульстар. Тербелісті қосуға немесе өшіруге мүмкін емес. Сонымен қатар, «жоғары» және «төмен» тербелістер терминдері эзотерикаға жатады және дәлелдеу ғылымында пайдаланылмайды.
Екіншіден, бейне авторы айтқан «қараңғы нәсіл» деген жоқ. Адамдарды ресми түрде үш үлкен нәсілге бөледі: европеоид, моңғолоид және экваторлық. Бұдан басқа, өтпелі нәсілдер де, бірақ олардың қатарында «қараңғы нәсіл» жоқ.
Үшіншіден, Pfizer/BioNTech және Moderna сияқты кейбір вакциналардың құрамына кіретін мРНҚ адам жасушаларын «кез келген нәрсеге» бағдарламалай алмайды. РНҚ-ның бұл түрі ақуыз өндіруге арналған нұсқауларды беруге қызмет етеді. Вакциналар жағдайында мРНҚ SARS-CoV-2 коронавирусы тікенегінің ақуызын өндіру туралы ақпарат тасымалдайды, нәтижесінде ағзаның иммунитеті қалыптасады. Нұсқаулар берілгеннен кейін мРНК молекулалары өз бетінше бұзылады. Сонымен қатар, мРНҚ жаңа өнертабыс емес және вакциналарда ғана болмайды. Бұл молекулалар барлық тірі ағзаларда бар.
Айта кетейік, Қазақстанда мРНҚ вакциналары пайдаланылмайды. Елімізде SARS-CoV-2 белсенді емес вирусын қолдана отырып жасалған аденовирустық вектор негізіндегі «Спутник-V», Hayat-Vax және QazVac препараттары пайдаланылады.
Төртіншіден, вакцинацияланған адамдардың көбі жақын арада өледі деуге ешқандай ғылыми негіз жоқ. Бұған дейін мұндай «сәуегейлік» және алдағы жаппай өліммен байланысты хабарламаларды жоққа шығарған болатынбыз.
Дәлелсіз: «COVID-19 қарсы вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін жаппай өле бастайды»
Демек, видео авторының сөздері шынайы емес. «Жоғары» және «төмен» тербелістердің болуы ғылыммен дәлелденбеген. Автор айтқан «қараңғы нәсіл» жоқ. мРНК молекулалары ақуыз өндіру жөнінде ғана нұсқаулық алады, ол жасушаларды бағдарламаламайды. Вакцинацияланған адамдар арасында жаппай өлім болады деуге негіз жоқ.