Жаңалықтар

Фейк: «Билл Гейтс атмосфераға қауіпті химикаттар шашады және бүкіл әлемді жасанды тағаммен тамақтануға мәжбүр етеді»

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Билл Гейтстің күнді жауып, климатты өзгерту үшін Жер атмосферасына қауіпті химикаттар шашуды жоспарлап отырғаны туралы бейнероликпен бөлісуде. Бұл өз кезегінде егіннің жойылуына әкеледі, сонда миллиардер адамзатты зертханаларда өсірілген жасанды тағамдармен тамақтануға мәжбүрлейді екен. Бұл жағдайды талдап, оған неге сенбеу керегін түсіндірейік.

Атмосфераға аэрозоль шашу жобасы бар екені рас. Ол SCoPEx деп аталады. Жоба Гарвард университетінде әзірленген және оны жартылай Билл Гейтс қаржыландырады. Алайда, онда ауқымды геоинженерия немесе климатты өзгерту жайлы айтылмайды.

Жоба сайтында ұсынылған ақпаратқа сәйкес, идея аэрозольдердің басқа шығындар қаупінсіз озон шығынын азайтуға қабілеттілігін анықтауға негізделген. Ол үшін ғалымдар әр түрлі сенсорлармен және датчиктермен жабдықталған аэростатты жерден 20 км биіктікте ұшыруды жоспарлап отыр. Ол екі килограмға дейін кальций карбонатын шашады. Бұл ретте аэрозоль бұлтының мөлшері шағын болады – ұзындығы шамамен бір шақырым және ені жүз метрге жуық. Осы кезде сенсорлар жаһандық жылынуды болдырмаудың бұл әдісі қаншалықты тиімді және қауіпсіз екендігі туралы ақпарат жинайды.

Кальций карбонаты – қауіпсіз зат. Ол фармацевтика мен тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.

Демек, Билл Гейтс қаржыландырған жоба планетадағы климатты түпкілікті және қайтарымсыз өзгерту үшін емес, жердегі жайлы өмір сүру үшін қажет озон қабатын сақтау әдісін табу үшін өткізілетін салыстырмалы түрде шағын тәжірибе болып табылады.

Бұл планетада егіннің жойылуына әкелмейді. Миллиардер адамдарды синтетикалық өнімдерді тұтынуға мәжбүрлейді деген тезис – 2021 жылғы 14 ақпанда «Technology Review» журналында жарияланған Гейтстің сұхбатының бұрмаланған нұсқасы. Ол кезде ол шынымен дамыған елдерді синтетикалық етке көшуге шақырды, бірақ оларды өз еркіне бағындыру үшін емес. Бұл үндеу мал шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың төмендеуі мал басын едәуір азайтып, нәтижесінде планетадағы климатқа оң әсер ететіндігінен туындады. Бұл туралы біз айтқан болатынбыз.

Билл Гейтс дамыған елдерді синтетикалық етке көшуге шақырды. Бұл нені білдіреді және не үшін қажет?

 

Қорыта айтқанда, Билл Гейтс атмосфераға улы химикаттар шашуды және адамдарды синтетикалық өнімдерді жеуге мәжбүрлеуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы мәлімдемелер фейк және бұрмаланған баршаға қол жетімді ақпарат болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button