Fake News

Конспирология: «100 адамның 99-ы жасанды интеллект басқаратын андроидтар»

Telegram чаттарда жердегі адамдардың басым бөлігі жасанды интеллект басқаратын адам тәрізді андроидтар екендігі туралы хабарлама тарады. Бұл ешқандай дәлелі жоқ конспирология.


Теория авторлары өз идеяларын басты рөлде Брюс Уиллис ойнаған 2009 жылғы «Суррогаттар» фильмінен үзіндімен растайды. Фильмде болашақ, 2057 жыл көрсетілген. Адамдар қарым-қатынас, жұмыс, күнделікті іс-әрекеттер үшін роботтарды пайдаланады. Бұл роботтар, тірі адамдарға қарағанда қартаймайды, ауырмайды, әрқашан жақсы көрінеді және шаршамайды. Мәселелер осы роботтарды өлтірудің амалын тапқан террорист шыққанда туындайды. Бұл ретте роботтардың қожайыны да олармен бірге өледі екен.
Шынайы өмірде бұл мүмкін емес. Өйткені адамды 100% алмастыра алатын роботтар жоқ. Бүгінгі таңда ең озық технологиялардың өзі адамға ұқсайтын Android құрастыруға мүмкіндік бермейді.
Әзірлеушілер адамдардың бет-әлпетін, сөйлеуін және іс-қимылдарын қайталайтын роботтар жасауға қанша тырысса да, ешкім әлі жүз пайыз нәтижеге қол жеткізе алмады.
Сонымен қатар, әлем андроидтарға толы деген теорияны техникалық тұрғыдан да жоққа шығаруға болады. Адамдарға қарағанда роботтарды қайта зарядтау қажет, яғни әлем бойынша адамдар оларды қуайттайтын құрылғыларды іздейді. Сондай-ақ, роботтар ауырмайды, қартаймайды, өзгермейді, көбеймейді және адамның қолынан келетін басқа да миллиондаған іс-әрекетті орындай алмайды. Айналамыздағы адамдар қартайып, ауыратындықтан, тамақтанып, ұйықтайтындықтан, олар робот емес деп сеніммен айта аламыз.
Демек, таралған хабарлама – конспирология.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button