Fake News

Фотофейк: «Майк Тайсон «Пландемия» деп жазылған футболка киді»

Желіде боксшы Майк Тайсонның сызылып тасталған шприцтің суреті бар және Plan-demic деп жазылған қара футболка киіп түскен фотосы тарады. My body – my choice. (Пландемия. Менің тәнім – Менің таңдауым). Шын мәнінде, Тайсон мұндай киім киіп, көпшілік алдына шықпаған.


Вакцинацияға қарсы адамдардың ұраны жазылған футболка – графикалық редакторларда орындалған жұмыстың нәтижесі. Бұл фотосуреттің түпнұсқасы спортшының Instagram-дағы ресми парақшасында орналастырылған қысқа роликтен алынған. Кадрлардан Майк Тайсонның футболкасында Smart Cups – энергетикалық сусындар шығаратын компанияның атауы жазылғанын көруге болады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Mike Tyson (@miketyson)


Демек, Майк Тайсонның вакцинациядан бас тартуға шақыратын ұран жазылған футболкадағы суреті – фейк. Ол графикалық редакторлардың көмегімен өзгертілген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button