Fake NewsВидеоМедициналық фейктер

Желіде ДДСҰ-ның пандемияның жоқтығы туралы жалған мәлімдемесі таралуда

Әлеуметтік желілерде «ДДСҰ техникалық жетекшісі коронавирустық пандемия жоқ деп мәлімдеді» деген ақпарат таралуда. Авторлар 2020 жылдың 8 маусымында өткен конференцияға сілтеме жасап отыр. Stopfake редакторлары бейнежазбаны көріп, бұл ақпаратты растайтын дәлелдер таппады.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы күтпеген жерден коронавирустық пандемия жоқ деп мәлімдеді» – Интернеттен осындай ақпаратты оқуға болады. Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар бұл жаңалықпен белсенді бөлісуде. Авторлар өз хабарламаларында ДДСҰ-ның COVID-19 бойынша техникалық жетекшісі Мария Ван Керкховқа сілтеме жасайды, халықаралық ұйым өкілі бұл туралы 2020 жылдың 8 маусымында Женевада коронавирус тақырыбына арналған брифинг барысында айтқан дейді.

Бұл жалған мақаланың авторлары сілтеме жасап отырған брифинг. Ол шынымен 8 маусымда Женевада өтті. Алайда, 44 минутқа созылған шара барысында спикерлер пандемия жоқ деп мәлімдеме жасамаған. Сонымен қатар, отырыста сол күнгі жағдай бойынша коронавирус салдарынан 400 мыңнан астам адамның көз жұмғаны, ал соңғы тәулікте инфекция жұқтырған 136 мыңнан аса адам тіркелгені хабарланды.

«Біз әлі де болса, вирустың қайта оралмауы үшін эпидемиологиялық қадағалауды белсенді түрде жүргізуге үндейміз, әсіресе түрлі бұқаралық іс-шаралар өткізіле бастаған елдерде», – деді ДДСҰ Бас директоры кіріспе сөзінде.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button