Fake News

Фейк: «ПТР сынақтарын жасаушы оларды COVID-19 анықтау үшін пайдалануға тыйым салды»

Қазнет қолданушылары әртіс Юрий Лозаның сұхбатынан алынған бейнероликпен бөлісуде. Оның айтуынша, ПТР талдауын жасаушы Кэри Муллис оларды COVID-19 анықтау үшін қолдануға тыйым салған, доктор Зеленко мыңдаған адамды аурудан вакцинасыз емдеп шыққан, ал Нобель сыйлығының лауреаты Люк Монтанье КВИ қарсы егілгендердің бәрі қазір АҚТҚ-мен ауырады деп мәлімдеді. Мұның барлығы фейк.

Алғашқы тұжырымнан бастайық. Кэри Муллис COVID-19 анықтау үшін қандай да болмасын нәрсені қолдануға тыйым сала алмайды және бұл ауруға қатысты мәлімдеме жасауы екіталай. Өйткені, ол 2019 жылдың тамыз айында қайтыс болды, яғни ғалымдар SARS-CoV-2 вирусын алғаш анықтағанға дейін.
Шығу тегі белгісіз пневмония ошағы 2019 жылдың желтоқсанында ғана тіркелді, ал оның себебі – SARS-CoV-2 вирусы 2020 жылдың қаңтарында ғана анықталып, оған сипаттама ерілді.
Яғни, Кэри Муллис COVID-19 ауруы адамзатқа белгілі болғанға дейін қайтыс болды, демек, ол індет туралы мәлімдеме жасаған жоқ.
Екінші мәлімдеме мыңдаған адамды, соның ішінде Дональд Трампты COVID-19-дан жеке әдісімен емдеген доктор Зеленкоға қатысты. Бұл ескі және теріске шығарылған фейк. Доктор Зеленконың кем дегенде бір адамды емдегеніне ешқандай дәлел жоқ, сонымен қатар ол ұсынған дәрі-дәрмек COVID-19 қарсы тиімсіз, бұл ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен расталады.

Үшінші мәлімдеме КВИ қарсы вакцинацияланған адамдарда АҚТҚ дамиды деген Нобель сыйлығының лауреаты Люк Монтаньеге қатысты. Монтаньенің бұл туралы айтқанын растайтын жазбаша немесе видео дәлелдер жоқ. Көптеген ғылыми зерттеулер АҚТҚ мен COVID-19 қарсы вакциналарының арасында байланыс бар екендігі туралы барлық теорияларды жоққа шығарады. 
Айта кетейік, Юрий Лоза вакцинацияға қарсы тұлға ретінде ғана емес, тегіс Жер теориясының жақтаушысы ретінде де белгілі. Ол планетамыз дөңгелек болса, өзендер ақпай, бір орында тұратынеді деп бірнеше рет мәлімдеген. Сондай-ақ, ол ғарыш жоқ, ал қазіргі заманғығылымның барлығы өтірік деп айтқан. 

Демек, оның мәлімдемелеріне сенудің қажеті жоқ, өйткені олардың көп бөлігі ғылымға қарсы және Интернеттегі жорамалдармен және фейктермен ғана расталады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button