Fake News

Фейк: «What’s App-қа жіберілген видео телефонды бұзуы мүмкін»

Қазнет пайдаланушылары What’s App-қа бейнероликтер ретінде вирустар жіберілетіні туралы ескертуде. Нәтижесінде, телефон жөндеуге келмейтіндей бұзылады. Бұл – фейк.


Martinelli видеосы туралы хабарламалар алғаш рет 2017 жылы Италияда таратылған. Ол кезде жергілікті полиция мұндай видео жоқ екенін, сондықтан ол телефонға зиян келтіре алмайды деп мәлімдеген болатын.

Хабарламада айтылған тағы да ролик Dance of the pope деп аталады, ол да ойдан шығарылған. Видео туралы алғаш рет 2015 жылы айтылған, жоқ кадрлардың «қауіптілігі» бірнеше рет терістелді.

Ал ақпаратқас сәйкес, орнатуға болмайтын What’sApp Gold қосымшасы бар. Ол танымал мессенджер негізінде жасалған, бірақ кейбір айырмашылықтары бар. Мысалы, Gold нұсқасын қолдана отырып, біреудің хат-хабарларын оқуға болады, бұл ретте сіздің де жеке әңгімелеріңізді кез келген адам оқи алады. Бірақ қосымшаның басты қауіптілігі бұл емес. Алаяқтар What’s App-тың «жаңартылған» түрі деп мобильді құрылғыға зиян келтіруі мүмкін қауіпті қосымшаларды тарата алады, жеке мәліметтерді, соның ішінде интернет-банкингтің, жеке шоттардың және т.б. құпия сөздерін үшінші тұлғаларға жібере алады.
Демек, хабарламада айтылған видеолар ойдан шығарылған. Ал What’s App Gold–ты жүктеу туралы ескертуге құлақ асқан жөн – мұндай қосымша бар және ол қауіпсіз емес, сондай-ақ хакерлік бағдарламалардың «бүркемесі» болып табылады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button