Fake News

Фейк: «Вакцинация паспорттарындағы QR-кодтарда иесі туралы толық мәлімет берілген»

Қазнет пайдаланушылары вакцинация паспортындағы QR-кодта ұсынылған ақпарат жария етілген видеороликпен бөлісуде. Онда ер адам туралы толық ақпарат ұсынылған, тіпті темекі шегетіні және органдар доноры болуға келіскені туралы мәліметтер де бар. Кейбір қолданушылардың пікірінше, еліміздегі QR-кодтар да осындай болуы мүмкін. Бұл өтірік.


Іс жүзінде бұл ролик түсірілген Канадада да, Қазақстанда да вакцинация паспорттарындағы QR-кодтарда адам туралы ешқандай егжей-тегжейлі ақпарат жоқ. Канада үкіметінің сайтындағы мәліметтерге сәйкес, QR-кодта адамның аты-жөні, туған жылы және вакцинация мәртебесі ғана жазылған. Басқа ешқандай ақпарат жоқ. 
Қазақстанда вакцинация паспортындағы QR-код құжаттың түпнұсқалығын растау үшін қажет. Тексеруші оған камераны апарған кезде паспорт иесінің вакцина салдырғаны туралы деректер жазылған парақшаға өтеді. Бұл ретте, жеке ақпарат * * * символдарымен жасырылған.
Видео авторы көрсеткен мәліметтер ұсынылған кесте QR-кодта сақталған ақпарат емес.
Демек, таратылған ролик – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button