Интернет-алаяқтар әлеуметтік желілерде қазақстандықтардың жеке деректерін ұрлайды
Facebook әлеуметтік желісінде Дариға мен Әлия Назарбаевтардың фейк аккаунттары пайда болды. Ұқсас веб-парақшаларда пайдаланушыларға керемет ақшалай ұтыстар ұсынылады. Шын мәнінде, бұл тек жеке деректерді иемденудің тәсілі.
Өз есімінің латын қарпіндегі бірінші әрпін таңдап, фишингтік сайтқа өткені үшін 200 мың теңгеден 800 миллионға дейін ұтып алу ұсынады.
Әдетте компьютерлердің ұқсас ресурстармен байланысы қорғалмайды, яғни сайтқа кіргендер қалдырған ақпаратты үшінші тұлғалар ала алады.
Осылайша зиянкестер төлқұжат пен төлем карталарының деректерін, жеке аккануттардың, оның ішінде интернет-банкингтің құпиясөздерін анықтайды. Осы және басқа ақпараттың көмегімен алаяқтар жәбірленушінің компьютерін немесе мобильді құрылғысын толық өз бақылауна ала алады.
Бұл қылмыскерлер фишингтік сайттар арқылы танымал тұлғалардың есімдерін немесе брендтердің атауларын қолданып отырған алғашқы жағдай емес.
Бұға дейін StopFake.kz фишингтік ресурстар неге қауіпті және оларды қалай тануға болатыны туралы жазған болатын.