Алаяқтар танымал блогердің жалған парақшасын ашқан
Интернет-алаяқтар танымал блогерлердің атын жамылып, желі қолданушыларын алдайды. Қаскүнемдер танымал вайнер Нағима Ахметованың атынан IPhone12 «ұтысын» өткізбек болған.
Instagram әлеуметтік желісінде Nagimuwaa_podarit деп аталатын жалған парақша ашылған. Аккаунт иелері үздік смартфонның ұтысына қатысу үшін парақшаға жазылып, жеке хабарлама жіберуді ұсынған.
Нағиманың өзі пайдаланушыларды қырағылық танытып, күмәнді акцияларға қатыспауға шақырды.
– Күмәнді байқауларға, таратылымдарға қатыспаңыздар және интернетте ақша аудармаңыздар. Егер мен бірдеңе ойнататын болсам, онда өз парақшамда хабарлаймын. Қалғаны – алдау», – деп жазды ол stories-те алаяқтардың парақшасының скриншотын тіркей отырып.
Қазір фейк парақша жойылды. Оны Instagram-да іздеу арқылы табу мүмкін емес.
Бұған дейін StopFake.kz алаяқтардың пайдаланушыларды ұтысқа қатысуға немесе сауалнамадан өтуге шақырып, фишингтік сайттарға тартатыны туралы жазған болатын.
Фишингтік сайттар дегеніміз не және оларды қалай тануға болады? Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.