Фейк аккаунттар

Алаяқтар KASE атынан жарнама таратуда

Әлеуметтік желілерде KASE қор биржасының атынан жарнама таратылуда. Қазақстандықтарға сауалнамадан өтіп, апта сайын 250 мың теңгеден алу ұсынылады. Сондай-ақ хабарландыруда Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреті де пайдаланылған. Бұл – адамдарды алдау әрекеті.


KASE қор биржасының ресми сайтында жарнамада айтылған KASE Invest бағдарламасы туралы ақпарат жоқ. Бірақ алаяқтар туралы ескерту жарияланған. Онда былай делінген:

«Әлемде, оның ішінде Қазақстанда нарықта қаржы құралдарының саудасына жалған қол жеткізуді пайдалана отырып, интернет-алаяқтық жасау жағдайлары жиілеп кетті. Сонымен қатар алаяқтар KASE атынан да әрекет етуде. KASE жеке немесе заңды тұлғаларға Биржаның немесе қызметкерлерінің тікелей қатысуымен биржалық нарықтарда байыту үшін өз қызметтерін ұсынбайтынын ресми түрде мәлімдейді».

Сондай-ақ жарнамаға тіркелген сілтеме бойынша пайдаланушы KASE логотипі бар сайтқа кіретінін айта кеткен жөн, бірақ бұл ресми платформа емес. Пайдаланушыларға оның инвестициялық мүмкіндіктерін талдау үшін сауалнамадан өтіп, платформада өз атын, тегін, электрондық поштасының мекен жайын және телефон нөмірін қалдыру ұсынылады.
Бұл – интернеттегі алаяқтықтың бір түрі, қарапайым фишингтік схема, онда алаяқтар пайдаланушылардың логиндерін, парольдерін және басқа да жеке деректерін біліп алады. Желіде фишингті қалай тануға болатыны және алаяқтардың құрбаны болмаудың жолдары туралы толығырақ біз жазған болатынбыз. 
Сондай-ақ жалған брокерлердің қармағына түспей, инвестициялауды қалай бастау керектігі жайлы оқи аласыздар. 

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button