Жаңалықтар

Танымал компанияның фейк ойыны қазақстандықтардың жеке деректерін ұрлайды

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар Amazon компаниясы жүргізіп отырған «ойынға» сілтемемен бөлісуде. Қатысушылар арасында қымбат гаджеттер, ұялы телефондар мен компьютерлік техника ұтысы өтізіледі. Алайда, «ойынның» сілтемесі фишингтік сайтқа апарады.


Бағалы сыйлықтар ұтысы туралы жаңалықтың астында жағымды пікірлер көп жазылған. Осының бәрі фейк деп болжауға болады. Бұл туралы ойын сайтында да жазылған – сайтқа кіруге тырысқанда, фишинг туралы автоматты түрде ескерту шығады және сервермен байланыс қорғалмаған. Осындай интернет-платформалар арқылы алаяқтар сайтқа кірушілердің жеке деректерін – жеке аккаунттардың логиндері мен парольдерін, төлем карталары мен банктік шоттар туралы ақпаратты ұрлайды, тіпті жәбірленушінің компьютеріне немесе мобильді құрылғысына толық қолжеткізе алады.
Бұл соңғы уақытта Қазақстанда тіркелген алғашқы фишингтік сайт емес. Бүгінде алаяқтар белсенді әрекет етуде, адамдарды банктердің, танымал тұлғалардың, ірі брендтердің атынан алдауға тырысады.
Фишингтік сайттар дегеніміз не және оларды қалай тануға болатындығы туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз. 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button