Fake News

Фейк: «Disney логотипінде химтрейлдер бейнеленген»

Қазақстандықтар Disney кинокомпаниясының логотипін талқыға салды. Кейбір қолданушылардың пікірінше, онда химтрейлдер бейнеленген. Бұл өтірік.


Әлемдегі ең танымал кинокомпаниялардың бірі ауаға улы химикаттар шашуды ашық көрсетті деген идея Tesla және SpaceX компаниясының негізін қалаушы өзінің Twitter-дегі аккаунтында Disney логотипі бар пост жариялап, оның үстіне осы логотиптің бөлігі болып табылатын жарқыраған аркаға бағытталған тілше қойғаннан кейін туды. Суретте арка – химтрейлдің символы деп жазылған. Ал Маск суретке Diabolical (Жан түршігерлік!) деп пікірін білдірген!
Маск бұл тақырыпта басқа твиттер жариялаған жоқ, сондықтан бұл әзілі ме, жоқ па, түсініксіз.
Дегенмен, теорияның өзі сын көтермейді.
Біріншіден, ұшақтардың көмегімен улы заттарды шашу идеясы дәлелденбеген және конспирологиялық болып табылады. Оны мамандар мен ғалымдар бірнеше рет жоққа шығарды.

Екіншіден, Disney логотипіндегі сарайдың үстіндегі арка – бұл аққан жұлдыздың ізі. Бұл статикалық ақ-қара логотипте айқын көрінеді. 
Анимациялық логотиптерде бұл жұлдыз көбінесе фильмнің тақырыбына сай өзгертіледі. Мысалы, «Мен Рождествода үйде боламын» фильмінде аркада гирлянда сияқты түрлі-түсті шамдар жарқырап тұрды.
«Менің сүйікті марсианым» фильмінің бастамасында арка Марс планетасының жоғарғы бөлігін құрады. «Инспектор Гаджет» және «Инспектор Гаджет – 2» картиналарында арка тегершікпен ауыстырылған. 
Ұшу аппараттары Disney-дің екі фильмінде ғана болды. «Ұшақтар» мультфильмінде сарайдан екі ұшақ ұшып шығады, бірақ олар мұнаралардың үстіндегі аркамен өзара әрекеттеспейді. 
«Болашақ елі» фильмінің бастамасында сарай үстіндегі аркамен зымыран ұшып өтеді. 
Демек, Дисней логотипінде химтрейлдер көрсетілген деген пікір негізсіз. Логотиптегі сарай үстіндегі жарқыраған арка – бұл аққан жұлдыздың ізі, ол кейбір жағдайларда фильм тақырыбына сай безендіріледі. Химтрейлдер теориясының өзі конспирологиялық болып табылады және ешқандай дәлелі жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button