Жаңалықтар

Манипуляция: «Pfizer COVID-19 қарсы вакцинаның жанама әсерлерінің тізімін жасады»

Қазақстандықтар Pfizer-BioNTech шығарған вакцинаның жанама әсерлері туралы есептің фотосуреттерімен бөлісуде. Ондағы тізім бірнеше беттен тұрады, ал пайдаланушылардың айтуынша, оны қазір бүкіл әлемнің назары вакцинация тақырыбына емес, әлемдік саясатқа ауып отырғанда әдейі шығарып отыр. Бұл олай емес.


Шындығында, вакцинаға жағымсыз реакциялар тізімі ұсынылған құжат Желіде 2021 жылы сәуірде жарияланған. Онда 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 28 ақпанға дейінгі кезеңде еріктілер хабарлаған жағымсыз жанама әсерлер туралы егжей-тегжейлі есеп келтірілген.
Pfizer компаниясының өкілі Reuters порталына хабарлағандай, құжатта келтірілген жанама әсерлер тізімі VAERS, Yellow Card және EudraVigilance сияқты жүйелердегі өз еркімен жазылған өтініштерден жасалған. Біз аталған жүйелерде келтірілген ақпарат нақты және толық емес және тексерілмеген деп жазған болатынбыз. Оларды сенімді деректер ретінде пайдалануға болмайды.
Яғни, ауру/жағдай мен вакцинация арасында ешқандай байланыс болмауы мүмкін.
«Керісінше, оқиға негізгі аурумен немесе бұрынғы ауру-сырқат тарихы немесе ілеспе аурулар, дәрі-дәрмек сияқты басқа фактормен байланысты болуы мүмкін немесе жағымсыз құбылыстар кездейсоқ болуы ықтимал», – деп түсіндірді компания.
Демек, Pfizer вакцинасы көптеген жанама әсерлер тудырады деген тезистер дұрыс емес. Есеп ерікті және тексерілмеген өтініштер негізінде жасалған. Олар құжатты жасыруға тырысқан деген мәлімдеме жалған, өйткені ол баршаға қолжетімді болуы үшін былтыр жарияланған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button