Ұлттық банк басшысының қолы қойылмаған банкноталар – жалған емес
Қазнетте таралалған видеода ер адам номиналы 2000 теңгелік екі банкнотаны көрсетеді. Автордың айтуынша, олардың бірінде Ұлттық банк басшысының қолы жоқ, яғни олар жалған. Шын мәнінде, олай емес.
Жалған банкноттар туралы ақпаратты ҚР Ұлттық банкі ресми жоққа шығарды.
– Ұлттық бнк төрағасының қолы қойылған және қолы қойылмаған номиналы 500, 1000, 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноталар заңды төлем құралы болып табылады және төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдануға міндетті, – делінген банктің ресми Телеграмм-арнасында. .
Сондай-ақ, банктің ресми youtube-арнасында шынайы купюраны жалғаннан қалай ажыратуға болатындығы туралы видео бар.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp номеріне жіберіңіз.
Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.