Fake News

Фейк: «ДДСҰ COVID-19 қарсы вакцинациядан кейін мыңдаған адам өлімін тіркеді»

Telegram чаттарында ДДСҰ-ның дәрі-дәрмектің сапасын бақылау жүйесінде мыңдаған адам өлімі және COVID-19 қарсы вакцинаға жүздеген мың жағымсыз реакция тіркегені туралы жаңалықтар таратылуда. Бұл жалған.


ДДСҰ індет жұқтырудың және одан көз жұмудың жүздеген мың жағдайын тіркегені туралы ақпарат алғаш рет ScienceFiles.org сайтында жарияланды. Бұл псевдоғылыми антифеминистік оңшыл платформа неше рет жалған ақпарат таратқан болатын. 
Порталдағы хабарламаға сәйкес, ДДСҰ құрған VigiAccess жүйесінде көптеген жағымсыз реакциялар мен өлім-жітім тіркелген.
VigiAccess жүйесі 2015 жылы ДДСҰ қолдауымен құрылған. Бұл рас. Қазіргі кезде онда әлемнің 110 елінде қолданылатын 100 000-нан астам түрлі препарат тіркелген. Дәрі-дәрмектің жанама әсерлері туралы хабарламаларды жүйеге пайдаланушылардың өздері жібереді. Дерекқордың басты бетінде: «Бұл мәліметтер базасы тек VigiBase үшін берілген қауіпсіздік туралы есептер қоймасы болып табылады және дәрі-дәрмектерден орын алған немесе болуы мүмкін жағымсыз реакциялардың жүйелі тізілімі ретінде қарастырылмауы керек. (…..) Нақты дәрілік заттың артықшылықтары мен тәуекелдеріне қатысты кез келген сенімді қорытынды әрқашан барлық қолжетімді деректерді егжей-тегжейлі бағалауды және ғылыми бағалауды қажет етеді».
Жүйеде препараттың атауы бойынша іздеу жасалған. Вакциналарға болжамды жағымсыз реакциялар туралы хабарламалардың толық тізімін «COVID-19 vaccine» сұрауын енгізу арқылы алуға болады. Иммундау үшін нақты препараттарды іздеу әлі жетілдірілмеген – жүйе кейбір қолданыстағы вакциналардың атаулары бойынша нәтиже бермейді.
Дерекқорда жүрек-қан тамырлары аурулары, эндокриндік аурулар, аутоиммундық аурулар, психиатриялық аурулар және т.б аурулар мен жағдайлардың санаттары көрсетілген. Әр бағанға қарама-қарсы осы тақырып бойынша түскен есептер саны ұсынылған. Бұл ретте есептердің өзін оқу мүмкін емес.
Айта кетейік, кез келген препараттың жағымсыз реакциялары туралы жүздеген мың есепті табуға болады. Мысалы, қолданушылар аспирин қабылдағаннан кейін пайда болған 180 022 асқыну туралы жазған. Бұл аспирин қауіпті және өлімге әкелуі мүмкін дегеннің белгісі емес.
Демек, VigiAccess жүйесі – пайдаланушылар дәрі-дәрмекті қолдануға байланысты шағымдары мен күдіктерін қалдыра алатын алаң. Мұны жүктілік, есірткі қабылдау немесе темекі шегу туралы көптеген адам жазған есептер де дәлелдейді, оның дәрі-дәрмек қолдануға еш қатысы жоқ.
Қастандық теориясын жақтаушылардың осындай жүйелерден алынған есептерді толық сенімді және ғылыми расталған мәліметтер ретінде ұсынатыны туралы жазған болатынбыз. Мысалы, АҚШ-та VAERS жүйесі іске қосылған, онда вакцинаның жанама әсері туралы хабарламаны өз жеке тұлғаңды растамай, тіпті вакцинаны алу дерегінсіз жоладуға болады. Британиялық Yellow Card жүйесі де осы схема бойынша жұмыс істейді, конспирологтар оның да есептерін дүрбелең тудыру үшін қолданған.

Манипуляция: «Жаппай вакцинация басталғалы жүздеген адам қайтыс болды»

Қорыта айтқанда, таратылып жатқан хабарлама жалған және манипуляция. Хабарлама авторлары пайдаланушылардың өздері ұсынған тексерілмеген және расталмаған мәліметтерден тұратын есепті қолданған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button