Фейк: «Оңтүстік Кореяда COVID-19 қарсы вакцинадан кейін 2700-ден астам адам қайтыс болды»
Қазнет пайдаланушылары Оңтүстік Кореяда COVID-19-ға қарсы вакцинацияның салдары туралы ақпаратты талқылауда. Елде екпенің жанама әсерінен 2700-ден астам адам көз жұмған, 1800 адамда ауыр асқынулар болған екен. Бұл ресми статистика, ал нақты мәліметтер 10 есе жоғары, делінген хабарламада. Шын мәнінде, бұл бұрмаланған деректер.
Пост «COVID-19 қарсы вакцинация құрбандары кеңесі» тобы өткізген баспасөз конференциясының видеосына негізделген. Іс-шара 2024 жылғы 26 ақпанда өтті. Топ мүшелері үкіметтен коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинадан болған өлім-жітім мен ауру үшін кешірім сұрауды талап етті. Талаптардың бірі зардап шеккендерге өтемақы төлеу болды.
Баспасөз конференциясында топ төрағасы Ким Ду Ген статистикалық мәліметтер келтірді. Ол Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу агенттігіне (KDCA) сүйенді. Агенттіктің 2024 жылғы 29 ақпандағы есебіне сәйкес, COVID-19 қарсы вакцинациядан кейін 17 753 ауыр асқыну және 2137 өлім жағдайы тіркелген.
Оңтүстік Кореяда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның 140 миллионнан астам дозасы егілді. Пациенттер мен дәрігерлер вакцинациядан кейінгі жағымсыз әсерлер туралы KDCA-ға хабарлай алады. Айта кетерлік маңызды жайт, KDCA өз порталында «хабарламалар диагностикалық жарамдылықты міндетті түрде дәлелдемейді және вакцинамен себеп-салдарлық байланысы бар» деп ескертеді.
2023 жылғы 31 желтоқсанда COVID-19 қарсы вакцинациямен себеп-салдарлық байланыс 23 өлім жағдайында расталды. KDCA мұндай деректерді әлемдегі ең ірі ақпараттық агенттіктердің бірі AFP-ке ұсынған.
Джонс Хопкинс университетінің жұқпалы аурулар жөніндегі маманы Амеш Адалья Оңтүстік Кореяда 26 ақпанда өткен баспасөз конференциясында айтылған мәлімдемеге қатысты өз пікірін білдірді.
Оның сөзінше, «вакцинацияның жанама әсерлерін өз бетінше бағалау вакцинаның рөлі туралы себеп-салдарлық қорытынды жасау үшін пайдаланылмауы керек».
Баспасөз конференциясында келтірілген көрсеткіштер Оңтүстік Кореяда COVID-19 қарсы вакцинациядан зардап шеккендердің ресми статистикасы емес. Бұл адамдардың себеп-салдарлық байланысы жоқ хабарламалары. KDCA есебінің деректері коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың қауіпсіздігіне күмән келтіру мақсатында контекстен үзіп алынған.