Fake News

Дәлелсіз: «Мексикада жерден тыс тіршілік иелерінің сүйектері көрсетілді»

StopFake.kz редакциясына хабарласқан оқырманымыз Мексикада Конгрессте ұсынылған өзгеғаламшарлықтар туралы сенсациялық жаңалықты тексеруді сұрады. Кальциленген екі кішкентай дене жерден тыс тіршілік иелерінің ғана емес, сонымен қатар олардың адамдармен байланысы бар екендігін дәлелдейді екен. Бұл рас па? анықтайық.

2023 жылдың 13 қыркүйегінде Интернетте Мексикада Конгрессте екі, жерден тыс тіршілік иелерінің денесі ресми түрде таныстырылғаны туралы жаңалық тарады. Олардың сүйектерін журналист және уфолог Хайме Моссан көрсеткен. Ол мәйіттерді 2017 жылы Перуде Наска үстіртінде жүргізілген қазба жұмыстары кезінде тапқан.

Сонымен қатар Моссанның айтуынша, олардың жасы шамамен мың жыл – бұл Мексика ұлттық автономиялық университетінің (UNAM) зертханасында көміртекті талдау арқылы анықталған. Университеттегілер журналистердің сұрақтарына жауап беруден бас тартып, жүргізілген талдау материалдың құрамына немесе шығу тегіне емес, тек жасына ғана қатысты екенін айтты.

Бұл ақпарат ғылыми қоғамдастықтың сенімін тудырмады: космобилология және басқа ғылымдардың мамандары Моссанның тұжырымдарында ғылыми дәлелдер жоқ деп мәлімдеді.

Сонымен қатар Моссанның беделі оның барлық мәлімдемелеріне күдік келтіреді. Ол бұған дейін бірнеше рет «өзге ғаламшарлықтардың денесін» тапқан. 2015 жылы ол жерден тыс тіршілік иелерінің сүйектері деп балалардың мумияланған денелерін ұсынған.

2017 жылы Моссан Перуде Наска үстірті аумағында бас сүйектері ұзын үш саусақты тіршілік иелерінің қалдықтарын тапқанын мәлімдеді. Сараптама олардың «терісі» қағаз бен желімнен жасалған қуыршақтар екенін анықтады. Олардың денелері көпшілікке көрсетілмеді, яғни 2023 жылы Конгрессте осы қалдықтар көрсетілді ме, жоқ па, белгісіз.

Жалпы алғанда, Моссанның олжасы жерден тыс жаратылыс деп санауға объективті себеп жоқ. Оның бұған дейін осындай «сенсация» жариялағаны белгілі, ол бұл жолы жинаған дәлелдер базасы да көп емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button