Ваннаға түсуге арналған тұз бен саз – «химтрейлдер» емі – фейк
Қазақстандықтарға «химтрейлден»емделу үшін түрлі құралдар сатып алу ұсынылады. Мысалы, ақ саз – каолин және ваннаға арналған тұздар. Жалпы, бұл заттардың зиянсыз екендігіне қарамастан, олар қандай да бір аурулардан (әсіресе, ойдан шығарылғандардан) емдей алмайды.
COVID-19 пандемиясы басталғалы кейбір қазақстандықтар вирусты ұшақтардан шашып жатыр деген теорияны тарата бастады. Кейбіреулерінің пайымдауынша, ұшақтар вирус емес, «у» мен «улы заттар» шашады. Бұған дәлел ретінде желі қолданушылары ұшақтардан, жалын басуға арналған қоспаларды шашқан әуе кемелерінен қалған конденсациялық іздер мен құбырлы бұлттардың видеоларын жариялайды. Бұған дейін StopFake.kz бұл видеолар химтрейлдерге дәлел бола алмайтыны жайлы жазып, елді мекендерде у шашу туралы теорияны жоққа шығарған болатын.
Дегенмен, кейбір пайдаланушылар әлемдік қастандық теориясына әлі де сенеді. Соның арқасында пайда тапқысы келетіндер де бар, олар химтрейлерге қарсы «дәрі-дәрмек» сатып алуға шақырады. Панацея ретінде ваннаға арналған ағылшын тұзы мен ақ саз – каолин ұсынылады.
Ваннаға арналған ағылшын тұзы – бұл магний сульфаты. Оны медицинада тұзды іш өткізгіш және өт айдатқыш құрал ретінде көп қолданады. Тамырға енгізген жағдайда энурезді күшейтіп, қысымды төмендетеді. Сондай-ақ, бұлшықетке еккенде тыныштандырып, седативті препарат ретінде әрекет етеді.
Мұндай ваннаға арналған тұздарды өндірушілер оларды организмнен уытты заттарды шығаратын детокс ретінде кеңінен жарнамалайтынына қарамастан, магний сульфатында мұндай қасиеттер жоқ.
Ақ саз немесе каолин – косметологияда, фармацевтика мен өнеркәсіпте де кеңінен қолданылады. Ол қағаз, фаянс, электротехникалық керамика өндіруде толтырғыш ретінде пайдаланылады. Каолинді косметикалық маскалардың құрамынан да көруге болады. Мұндай саз тері тесіктерін тазартуға көмектеседі және теріге жаңа рең береді.
Тамақ өнеркәсібінде каолин E559 эмульгаторының негізі болып табылады. Бұл тағамдық қоспалар зиянсыз деп танылған және барлық елдерде рұқсат етілген.
Осыған орай, егер химтрайлдар шындық болса және елді мекендерде расымен вирустар мен улар шашылсы, ваннаға арналған тұздар мен саздың «емделуге» көмектесетіні екіталай деген қорытынды жасауға болады. Біріншіден, олар вирустарды жоя алмайды, екіншіден, олардың өмірге қауіпті улармен өзара әрекеті туралы мәліметтер жоқ.
[