Фейк: «Шыбынжұт дәрі-дәрмектерден артық емдейді»
Соңғы жылдары шыбынжұттарды «емдік» мақсатта қолдану кеңінен тарауда. Бұл саңырауқұлақтар мен «дәрі-дәрмектерді» сату бизнеске айналды, сондықтан желіде осы саңырауқұлақтардың жарнамалары мен олардың «пайдасы» туралы әңгімелер көп кездеседі. Мұндай жарнамаға сенбеген жөн. Неге екенін түсіндірейік.
«Дәрі» ретінде шыбынжұттың бәрін бірдей пайдаланбайды, тек бір түрін ғана – Amanita muscaria. Бұл бәріміз білетін ақ дақтары бар қызыл қалпақты саңырауқұлақ. Ол улы болып саналады және құрамында мускарин, микоатропин және шыбын уы сияқты қауіпті заттар бар.
Шыбынжұттың емдік қасиеті м Оны фармакологияда қолданылмайды және ешқашан қолданылмаған.
Шыбынжұттар галлюциноген тудырады. Кейбір мәдениеттерде бақсылар мен дін басшылары шыбынжұтты трансқа кіріп, рухтармен «тілдесу» үшін есірткі ретінде әдейі қолданғандығы белгілі.
Қазіргі заманда шыбынжұт галлюциноген ретінде де пайдаланылады. Алайда, көбінесе кептірілген шыбынжұт ұнтағының көмегімен «иммунитетті күшейту», «денсаулықты жақсарту» немесе нақты бір ауруды емдеу әрекеттері жасалады.
Мұндай ем-дом қайғылы аяқталған жағдайлар көп. Мысалы, 2022 жылдың қазан айында 37 жастағы діни қызметкер шыбынжұттан уланып өлген. Сол жылдың қараша айында Мәскеудің 31 жастағы тұрғыны шыбынжұттан уланып, ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Бақытына орай, ол аман қалды.
2023 жылы наурызда шыбынжұттан улану салдарынан ресейлік депутат Денис Терехов ауруханаға жатқызылды.
2023 жылғы 3 сәуірде БАҚ-та бір ай бойы шыбынжұтпен емделіп, құрысулар мен ентігудің пайда болуы салдарынан аурухананың токсикология бөліміне жатқызылған 29 жастағы ер адам туралы ақпарат тарады.
Жалпы, ресейлік БАҚ мәліметтері бойынша, 2020-2021 жылдары елде саңырауқұлақтармен улану жағдайлары 40%-ға өсті.
Қазақстанда шыбынжұттан улану туралы ашық мәліметтер жоқ.
Дегенмен, желіде бар ақпаратқа сүйеніп, шыбынжұтты кез келген түрде және мөлшерде тұтыну денсаулыққа қауіпті деп сеніммен айта аламыз. Бұл саңырауқұлақтардың емдік немесе пайдалы қасиеттері жоқ.
Бұған дейін біз осы саңырауқұлақтардың «пайдасы» туралы видеоны жоққа шығарған болатынбыз.
Фейк: «Шыбынжұтты жеу адам денесінің керемет қабілеттерін ашады»