Жаңалықтар

Қабатты бұлттар – химиотрассалар емес

Конспирологиялық фейктер қатары толықты. Қазақстандықтар бір-бірімен күндізгі аспанның фотосуреттерімен және бейнелерімен белсенді түрде бөлісуде. Ерекше қалыптағы бұлттар химиотрассалар немесе химтрейлдер (ағылш. Chemtrails сөзінен шыққан) деп аталады.

Химтрейлге сенімді жақтаушылар аспандағы іздер тану белгілері жоқ және улы химиялық заттарды, онкогендік бөлшектерді немесе вирустарды «шашу» үшін кестеден тыс ұшатын ұшақтардан қалады деп санайды. Қастандық теориясын жақтаушылардың пікірінше, бұл «құпия үкіметтің» азаматтарды ауыртып, «фармацевтикалық компаниялар мен медицинаны» байыту немесе халықтың санын бақылау үшін жасап жатқан іс-қимылдары.

Жуырда malika.mood блогері (27 мың жазылушысы бар) stories-те өзінің жазылушысының Қарағанды аспаны бейнеге түсірілген хабарламасымен бөлісті. Жазбада:«Қазақстанда біртүрлі бұлттар сияқты табиғи құбылыстар жиі орын алады. Қалжың, бәрі де мұның химтрейл екенін түсінді»,- делінген.

Шын мәнінде, географиядан мектеп бағдарламасын ұмытпағандар мұның түйдек бұлттар екенін бірден түсінеді. Оны «Қазгидромет» РМК StopFake редакциясына берген түсініктемесінде растады.

«Көрнекі ақпаратқа қарағанда, суретте биік қабатты түйдек толқынды бұлттар бейнеленген. Бұлттар қабатында әртүрлі көлемдегі және бағыттағы толқындардың барлық қозғалыстарының дамуына себеп болатын желдің ауысуы айқын байқалады. Мұндай бұлттар 2-4 км биіктікте қалыптасады, – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Расында да, бұлттар химтрейлдер деп аталатын ұшақтардың конденсациялық іздерінен мүлдем өзгеше. Салыстырып көрейік:

Қабатты түйдек бұлттар:

Видеодан скриншоттар:

Конденсациялық із:

Естеріңізге сала кетейік, «химиотрассалар теориясы» – бұл ескі америкалық қала аңызы. Олардың бар екендігіне ешқандай дәлелдер жоқ.

«Химтрейл» түсінігі АҚШ-та 1967 жылдан 1972 жылға дейін Оңтүстік-Шығыс Азияда Попай операциясын өткізгеннен кейін пайда болды. АҚШ әскері жауын-шашындар маусымы кезінде (наурыздан қарашаға дейін) қалың нөсер жаудыру мақсатында күміс йодидін шашқан. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде күріш далалары су астында қалды, бұл оңтүстіквьетнамдық партизандардың қозғалысына кедергі жасады.

1978 жылдан бастап табиғи ортаға әсер ету құралдарын әскери немесе кез келген басқа дұшпандық мақсатта пайдалануға тыйым салу туралы Конвенция күшіне енді. Бұл тыйым 58 мемлекеттен басқа, Ресейде (бастама авторы КСРО-ның құқықтық мұрагері ретінде), АҚШ пен Қытайда қабылданды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close