Медициналық фейктер

Фейк: «ЖҚТБ-ны белгілі бір музыканы тыңдау арқылы емдеуге болады»

Қазнетте Петр Гаряев жасаған ем туралы бейнеролик тарады. Оның айтуынша, әр түрлі жиілікте белгілі бір музыканы тыңдау ЖҚТБ мен басқа да ауыр ауруларды емдейді. Бұл шындыққа жанаспайды.

 

Петр Гаряевтың кім екендігі туралы біз бұған дейін бірнеше рет жазған болатынбыз. Ол псевдоғалым және толқындық геном туралы жалған ғылыми теорияның авторы. Оған сәйкес, ДНҚ молекула емес, толқын. Ал қандай молекула екенін Гаряевтің өзі де білмейді. Әр жылдары ол акустикалық, бұралмалы, оптикалық және басқа да толқындар туралы жазды. Гаряев өз теориясының дұрыстығын ішінара болсын дәлелдейтін тәжірибелер жүргізбеген.
Әрине, ғылыми қауымдастық оның «толқындық геном» туралы идеяларын қатаң сынға алып, мұндай мәлімдемелер үшін ғылыми негіздеме де, сенімді дәлел де жоқ екенін атап көрсетті. Кейбіреулері тіпті Гаряевтың жұмысын «жалған ғылымға жарқын мысал» деп атады.
Бұған дейін біз Петр Гаряевтың теорияларын бірнеше рет жоққа шығарып, оған сенудің қажеті жоқ деп жазған болатынбыз.
Гаряевтың бұл жолғы фейктері ғылымға қарсы болып қана қоймай, сонымен қатар өте қауіпті болып табылады. АИТВ да, басқа физикалық аурулар да музыкамен емделмейді. Ұдайы музыка тыңдау стресс деңгейін төмендетіп, деменция мен басқа да психикалық бұзылулардың белгілерін жеңілдететінін дәлелдейтін зерттеулер бар. Бірақ емдемейді. Сондай-ақ музыка вирустық және бактериялық аурулардан арылтпайды.
Бүгінгі күні АИТВ-ны толық емдей алатын дәрі жоқ. Ғалымдар әзірге әртүрлі әдістер мен дәрі-дәрмекті зерттеп, кейбір жағдайларда жақсы нәтижеге қол жеткізуде. Мысалы, биыл шілде айында тін жасушаларымен тәжірибелік ем алған ер адамның АИТВ-дан толық жазылып шыққаны туралы айтылды.
Осы және басқа емдеу әдістері зерттеліп жатқанда, АИТВ-мен ауыратын науқастар ауруды антиретровирустық терапиямен тоқтата алады. Егер бұл жасалмаса, онда ауру өршіп, ЖҚТБ сатысына өтеді.

Демек, Гаряевтың әдісімен емделіп, қымбат уақыт пен ұзақ өмір сүру мүмкіндігін жоғалтуыңыз ықтимал.
Конспирологияны жақтаушылар бұған дейін де музыканың фантастикалық қасиеттерін атап айтқан болатын. Мысалы, біз бұған дейін заманауи музыка санаға қысым жасайды деген пікірді жоққа шығарған болатынбыз. 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button