Фейк: «Қойдың құйрығы, бал және зімбір коронавирусты емдейді»
Қазақстандықтар COVID-19 емдеу әдісімен бөлісуде. WhatsApp-та құйрық май, бал және зімбірді араластырып ішуге кеңес беретін видео таратды. Мұндай қоспа екі апта ішінде КВИ-жі емдеп жазады екен. Бұл дәлелденбеген.
Видеода көрсетілген ингредиенттердің ешқайсысының жалпы вирустармен және SARS-CoV-2 коронавирусымен күресте тиімділігі дәлелденбеген.
Құйрық майы бұрыннан дәрі ретінде қолданылып келеді. Алайда оның емдік қасиеттерін растайтын ғылыми зерттеулер жеткіліксіз. Тиісінше, май COVID-19 жұқтырудан қорғайды немесе бұл ауруды емдейді деп айта алмаймыз.
Зімбірді жүрек айну, құсу және бас ауырған кезде қолдануға болады. Өсімдік бұл белгілерді жеңілдетеді. Алайда, оны басқа ауруларды емдеу үшін қолдану мағынасыз, өйткені оның дәрілік қасиеттері дәлелденбеген. Жүктілік кезінде зімбір жеу дамып келе жатқан ұрыққа зиян тигізуі мүмкін екендігі белгілі.
Балдың микробқа қарсы қасиеттерін растайтын зерттеулер бар. Алайда, оны тікелей жараға қолданылған жағдайда ғана. Кейбір жағдайларда бал ерте сауығуға ықпал етеді. Вирустық ауруларды емдеуде балдың тиімділігі туралы дәлелдер жоқ.
Демек, халықтық емдеу әдісінің COVID-19 емдеуде тиімді екендігі дәлелденбеген. Егер бойыңызда ауру белгілері босла, дереу дәрігермен кеңесуіңіз керек. Өз бетінше емделу ауруды асқындырып, ауыр салдарға әкелуі мүмкін.