Fake News

Фейк: «QR код «бағыныштылыққа қабылдау» дегенді білдіреді

Қазнетте тараған видео ер адам QR-код аббревиатурасын түсіндіреді. Оның пікірінше, QR «ку» және «ар» деген екі сөзден тұрады. Академик Ремизов «ар» сөзін «өшкен адамдар» деп аударған екен. Роликтің авторының пайымдауынша, бұл концлагерьлердегідей бағынышты адамзат дегенді білдіреді. Ол «ку» жапон тілінен аударғанда «қабылдау», яғни, «бағыныштылыққа қабылдау» дегенді білдіреді дейді. Бұл ойдан шығарылған, ол шындыққа жанаспайды.

QR кодтың шығу тарихы. 1960 жылдары Жапонияда супермаркеттер көптеп ашыла бастады. Онда тамақ өнімдерінен киімге дейін бәрі сатылды. Кассирлер тауар бағаларын қолмен жазатын. Көбісі білек ауруына және туннель синдромына шалдықты. Штрих-кодтардың пайда болуы бұл мәселені шешуге мүмкіндік берді. POS жүйесі әзірленді. Өнімнің штрих-кодын оптикалық сенсормен сканерлеген кезде оның бағасы кассада автоматты түрде көрсетілді. Алайда штрих-кодта 20-ға жуық әріптік-сандық ақпарат таңбасы болды.

1994 жылы Denso Wave жапон компаниясы екі бағытта – көлденең, жоғары және төмен оқылатын екі өлшемді код жасады. Машинамен оқылатын жаңа код жасау идеясын фирма қызметкері Масахиро Хара ұсынды. Ол го ойынын негізге алған.

QR-код (ағылш. Quick Response – «жылдам жауап») автомобиль бөлшектерін таңбалау үшін қолданыла бастады. Denso Wave жаңа технологияны ақысыз және көпшілікке қол жетімді етті.

Ұялы телефондарда камералардың пайда болуымен QR кодының тарихы жалғасын тапты. 2002 жылы Sharp QR сканері бар алғашқы ұялы телефонды таныстырды. Мұны басқа өндірушілер де назарға алды. Енді әрбір смартфон иесінің қалтасында өзінің QR сканері бар.

Роликті түсірген адам QR кодтың тарихын оқыған шығар, бірақ ол оны өзінше түсіндіреді. Сонымен қатар, ол сөздер мен әріптерді шатастырады. Ағылшын әліпбиінің әріптеріне мүлдем басқа сөздердің мағынасын береді. Бұл ретте литвалық ar-ды да негізге алуға болады. Ол «немесе» дегенді білдіреді. Ал орыс тілінде «ар» – жердің өлшем бірлігі. Басқа тілдердің сөздіктерін қарасақ, осы сөздің басқа мағыналарын табамыз. Айта кетейік, видео авторы атап өткен Алексей Ремизов жазушы және суретші болған, ол тіл зерттеушісі емес. Замандастары оны қиялшыл деп сипаттайды.

Жапон тілінен «кью» орыс тіліне «чмок» немесе «құшақтасу» деп аударылады.

Видео авторы келтірген барлық фактілер – конспирологиялық теорияның белгілері. Демек, оған сенбеген жөн.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button