Fake News

Банк немесе полиция қызметкері қоңырау шалып, біреулердің сіздің атыңызға несие алуға тырысып жатқанын айтты. Не істеу керек?

Телефон алаяқтарына тап болғандар аз емес. Әдетте, бейтаныс адам қоңырау шалып, ақшаңызды иемденбек болады. Олар қорқыту, көндіру, әйтеуір, сенімді деген дәлелдерді қолданылады. Алдау әдістері өзгергенімен, қорғану жолдары әмбебап және әрқашан нәтижелі. Алаяқтықтың құрбаны болмауға, өтірікті әшкерелеуге және ақшаңызды сақтап қалуға көмектесетін қарапайым ережелер туралы айтып берейік.

1. Банк қызметкері қоңырау шалады. Оның алаяқ емес екенін қалай білуге болады?

Есіңізде болсын, банк қызметкерлері өз клиенттеріне сирек қоңырау шалады. Әңгіме барысында оның не айтқанына назар аудару керек. Егер ол біреу ақшаңызды алмақ болып жатыр немесе сіздің атыңызға көп мөлшерде несие алуға тырысуда деп айтса, онда сақ болыңыз. Бұл алаяқтарға тән қулық. Олар сізге ойлануға мұрша бермей, әдейі қорқытады. SMS-тегі кодтарды, парольдерді, логиндерді, банк картасының мәліметтерін және жинаған ақшаңызға қатысты басқа ақпаратты ешкімге айтуға болмайтынын есте сақтаңыз. Егер хабарласып тұрған «банк қызметкері» сізден осы деректерді айтуды талап етсе – ол алаяқ.

2. Полициядан қоңырау шалып, сіздің атыңыздан әртүрлі банктерден көп мөлшерде несие алып жатыр деп айтады. Мен шынымен полицеймен сөйлесіп тұрмын ба?

Соңғы жарты жылда «полициядан қоңырау шалу» қазақстандық алаяқтардың жаңа схемасына айналды. Әдетте, «тергеуші» сізге хабарласып, кездейсоқ есімді айтады, мысалы, Иванов Иван Иванович және сізден аталған адамның кім екенін сұрайды. «Ешкім» деген жауапты естіген ол осы Иванов дәл қазір қолыңыз қойылған жалған сенімхатпен әртүрлі банктерге барып, сіздің атыңызға несие алып жүр дейді. Мұндай сөзге сенудің қажеті жоқ. Біріншіден, полиция несие беріліп жатқандардың бәрін қадағаламайды, екіншіден, егер қандай да бір себептермен тәртіп сақшыларының сігзе қояр сұрағы болса, онда сізге телефонмен емес, ресми түрде хабарлайды.

3. Барлық белгілер бойынша маған алаяқ қоңырау шалып тұр. Не істеуім керек?

Телефон шалып тұрған алаяқ екенін түсінгеннен кейін, дереу телефон тұтқасын қойыңыз. Егер ол сізге қайта-қайта қоңырау шалса, оның нөмірін бұғаттаңыз және қоңырауға қайта жауап бермеңіз.

4. Ал егер бұл алаяқ болмай шығып, ақшама шынымен қауіп төніп тұрса ше?

Егер телефонмен сөйлесіп тұрған кісінің алаяқ екеніне күмәндансаңыз, онда одан атын, тегін және лауазымын сұраңыз. Содан кейін телефонды қойып, оның өзін таныстыруына байланысты банктің call-орталығына немесе полицияға қоңырау шалыңыз. Банктердің нөмірлері ресми сайттарда көрсетілген және әлеуметтік желілерде верификацияланған парақшаларда көк шеңберде ақ белгімен белгіленеді. Оларға хабарласып, қоңырау шалушының аты-жөнін айтып, ондай адам банкте (полицияда) жұмыс істей ме деп сұраңыз. Сондай-ақ шотыңызға қауіп төніп тұрғаны немесе біреулер сіздің атыңызға банктен несие алып жатқаны рас па деп сұрауыңызға болады. Егер ақпарат расталмаса – ақшаңызға ештеңе болмайтынына және қоңырау шалған адамның сізді алдамақ болған алаяқ екеніне көз жеткізесіз. Әңгімелесуші айтқан ақпаратты тек банктердің немесе құқық қорғау органдарының ресми өкілдерінде ғана тексеруге болатындығын есте шығармағаныңыз жөн. Оны растау үшін ықтимал алаяқ айтқан телефон нөмірлері бойынша хабарласпаңыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button