Fake News

Фейк: «Адамдарға жәндіктерді жеуге болмайды, өйткені олардың құрамындағы хитин ағзаға сіңбейді»

Әлеуметтік желілерде адамға жәндіктерді неге жеуге болмайтындығы туралы ақпараттар таратылуда. Мұндай видеолардың бірінде негізгі себеп ретінде бірқатар аурулар тудыратын «хитин» заты аталды. Мысалы, демікпе, тыныс алу проблемалары, сондай-ақ глиобластома – мидың қатерлі ісігі. Бұл жалған.


Хитин – химиялық қосылыс – құрамында азот бар полисахарид. Хитин шаян тәрізділердің, жәндіктердің және кейбір балықтардың сыртқы қаңқасында кездеседі. Бұл зат саңырауқұлақтарда да болады.
Әлеуметтік желілерде жәндіктерді қолдануға қарсы ең көп айтылатын дәлелдердің бірі – хитин адам үшін қауіпті, өйткені ағза бұл затты сіңіре алмайды деген тұжырым. Адам ағзасы шынымен хитин шығармайды. Алайда, асқазан сөлінде хитинді жоюға қабілетті хитиназа ферменті бар. Оның өнімдерінің ыдырауы иммундық реакцияны бастайды, яғни паразиттерден қорғауды қамтамасыз етеді. Осы қасиетінің арқасында хитин мен хитозан көбінесе вакциналарда адъювант, инфекциялармен күресті күшейтетін заттар ретінде қолданылады. Демек, хитин ағзаға ешқандай қауіп төндірмейді және керісінше кейбір жағдайларда пайдалы.
Сонымен қатар сілтілік ерітіндімен өңделген, жаңа хитозан затына айналған хитин өте пайдалы қасиеттерге ие. Атап айтқанда, бактерияға, зеңге және қабынуға қарсы. Сондай-ақ хитозан холестерин деңгейін төмендетеді және гиперхолестеринемияны (жоғары холестерин) емдеу үшін қолданылады. Тышқандар мен адамдарға жүргізілген зерттеулер бұл заттың теріс әсерінің жеңіл өтетінін және болмайтынын көрсетті.
Хитин тудырған ауруларға келетін болсақ, ол астма тудырмайды. Бірақ хитиназаның астма тудыруы мүмкін екенін дәлелдейтін бірнеше шағын зерттеулер бар. Сингапур молекулалық және жасушалық биология институтының тышқандарын зерттеу бұл аурудың хитиннің емес, хитиназа деңгейінің жоғарылауынан болатынын көрсетті.
Сондай-ақ видеода зат тудыратын «инъекциядан кейінгі белгілер» туралы айтылады. Бөліну кезінде хитин мен хитиназа ағзаны қоздырғыштардан – зиянды бактериялар мен вирустардан қорғап, иммундық жауап беретіндіктен, кейбір жағдайларда ұқсас белгілер болуы мүмкін. Бұл белгілерге қызудың көтерілуі мен шаршау да жатады.
Глиобластоманың пайда болуына да хитиннің қатысы жоқ. Алайда, хитиназа обыр ісіктерінің кейбір түрлерінің өсуіне ықпал етуі мүмкін. Хитиназа деңгейінің жоғарылауы тіндердің өсуін күшейтеді және метастаздарды арттырады.
Айта кетейік, хитин мен хитиназа – бұл қасиеттері мен функциялары әртүрлі екі түрлі химиялық қосылыс. Хитин шаян тәрізділер мен жәндіктерде кездеседі, бірақ сүтқоректілер мен адамдарда болмайды. Ал хитиназа, керісінше, адам ағзасында қалыптасады.
Егер хитиназа деңгейінің жоғарылауына байланысты жағымсыз салдарды растайтын зерттеулер болса, хитиннің теріс әсері анықталмады. Демек, таралған видео – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button