Фейк: «ДДҰ COVID-19 қарсы вакцинациядан кейін 5 миллион жанама әсер тіркелгенін хабарлады»

Әлеуметтік желілерде COVID-19 қарсы вакцинация салдарынан 5 млн жанама әсер, оның ішінде өлім жағдайлары болғаны ақпарат талқылануда. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ресми түрде хабарлаған екен. Бұл өтірік.
Ақпаратқа ДДҰ-ның VigiAccess веб-қосымшасынан алынған скриншот тіркелген. (https://www.vigiaccess.org/) Бұл сайтта дәрі-дәрмектер мен вакциналардың тіркелген жанама әсерлері туралы ақпарат ұсынылған. Онда ауруы вакцинациямен байланысты болуы мүмкін деп ойлайтын пациенттер мәліметтерін қалдырады. Порталды әзірлеушілер деректер аналитикалық зерттеулер жүргізуге арналмағанын ескертеді. Мәліметтер бұған жарамайды.
Суреттің аудармасы мынадай: «COVID-19 – белсенді ингредиент. Бұл белсенді ингредиент туралы 5315891 хабарлама бар». Нақты қандай хабарламалар туралы айтылып отырғаны, COVID-19 – белсенді ингредиент деген нені білдіреді, оны ешкім нақтыламайды.
ДДҰ-ның ресми сайтында ковидке қарсы вакцинациядан кейін 5 миллион жанама әсер тіркелгені туралы ақпарат жоқ. Ұйымның мәліметінше, 2021 жылдан бастап әлемде COVID-19 қарсы вакцинаның 13 миллиардтан астам дозасы егілді. ДДҰ мен реттеуші органдар барлық басқа вакциналарды сияқты, екпенің қолданылуын үнемі қадағалап отырады. COVID-19 қарсы вакциналардың ауыр жанама әсерлері өте сирек кездеседі. Бұл процесс егудің әлемде қауіпсіз болып қалатынын растауға мүмкіндік береді.
АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) 2024 жылдың қарашасында вакциналар туралы соңғы мәліметтерді жариялады. 2024-2025 жылдардағы вакциналар негізгі штаммдардан тиімді қорғайды деп күтілуде. Мысалы, KP.3.1.1, сондай-ақ XEC және MC.1 сияқты жаңа нұсқалардан.
Әлеуметтік желілерде тараған COVID-19 қарсы вакциналардан 5 миллион жанама әсер болғаны туралы деректер жалған. Бұл көрсеткіш ресми зерттеулерге емес, пациенттердің болжамды есептеріне негізделген. COVID-19 қарсы вакциналар қауіпсіз болып қалуда, оны ДДҰ мен CDC деректері растайды. Ал вакцинация қорғаудың ең сенімді әдісі, әсіресе қауіпті адамдар үшін.
Бұған дейін біз COVID-19 қарсы вакциналардан қауіпті препараттарға қарағанда көбірек жанама әсер болатыны, сондай-ақ вакциналар салдарынан Еуропада артық өлім-жітімнің ұлғайғаны туралы қауесеттерді жоққа шығардық.