Фейк: «КВИ қарсы егу науқанының нәтижесінде Израиль ауруханалары науқастарға толы»
Танымал қазақстандық Telegram-арналарда пайдаланушылар Израиль ауруханалары науқастарға толы деген ақпаратпен бөлісуде. Олардың пікірінше, бұл жаппай вакцинация нәтижесінде болып отыр. Чатқа қатысушылардың пайымдауынша, ауруханаға жатқызылғандардың көбі – толық екпе салдырғандар. Бұл жалған.
Израильде жаппай егу науқаны өткен жылдың 19 желтоқсанында басталды. Ол кезде Pfizer вакци Biontech шығарған вакцинаны елдің премьер-министрі Бенджамин Нетаньяху алған.
2021 жылдың басында елде халықтың 10%-дан астамы егілді.
Бүгінгі таңда Израиль азаматтарының 63%-ы вакцинаның екі дозасын алды, тағы 5.7% – ы бірінші компонентпен егілді. Ағымдағы жылдың 17 қаңтарынан бастап індет жұқтырудың жаңа жағдайларының саны күрт төмендеп, маусым айында ең төменгі деңгейге жетті.
Алайда, ағымдағы жылдың тамыз айында бір күнде анықталған инфекция жұқтырудың жаңа жағдайларының саны рекордтық көрсеткішке жетті – күніне 12, 113. Сырқаттанушылықтың өсу себебі – басқаларға қарағанда вакциналарға әлдеқайда төзімді вирустың дельта нұсқасының таралуы.
Індет жұқтырудың жаңа жағдайларының саны едәуір артқандығына қарамастан, ауруханаға жатқызу саны 2020 жылғы желтоқсан-қаңтар айларындағы және 2021 жылдағы ең жоғары мәндерден аспайды. Реаминация бөлімшелеріндегі пациенттер саны ағымдағы жылғы қаңтарда тіркелген көрсеткіштерден әлдеқайда төмен. Мысалы, биыл 29 қаңтарда реанимациялық бөлімшелерде COVID-19 жұқтырған 418 пациент, ал 2 қыркүйекте – 208 пациент болған.
Елдегі өлім-жітім де ең жоғары деңгейден төмен. Осы жылдың бірінші қыркүйегінде 100 мың адамға шаққанда 2.89 өлім тіркелді. 25 қаңтарда бұл көрсеткіш 7.38 құраған. (https://ourworldindata.org/covid-deaths)
Ауруханаға жатқызылғандардың немесе қайтыс болғандардың көбі вакцина алғандар деп айту дұрыс емес. Ағымдағы жылдың 20 тамызында Reuters елде вакцина алған 300-ден астам пациент COVID-19 диагнозымен стационарларда жатқанын хабарлады. Бұл ретте сол кезде елде 5.4 миллион азамат вакцинаның екі дозасын алған. Яғни, барлық вакцинацияланған адамдардың шамамен 0.006% ауруханаға жатқызылған.
Сырқаттанушылық статистикасын төмендету үшін Израиль азаматтарына вакцинаның үшінші, үдеткіш дозасын алу ұсынылуда. Ел ішінде жүргізілген зерттеулер мұндай шара ауру жұқтыру қаупін де, аурудың ауыр ағымын да едәуір төмендететінін көрсетті.
12 жастан асқан адамдарға да қосымша доза ұсынылуда, бірақ бұл міндетті емес.
Демек, Израильде КВИ қарсы жаппай вакцинация нәтижесінде ауруханалар лық толы деген пікірлер дұрыс емес. Елдегі ауруханаға жатқызу мен өлім-жітімнің ресми статистикасы бұған қайшы келеді.