Конспирология

Фейк: «ДЭФ-тің Үкіметте өз адамдары бар, сондықтан әлемде болып жатқан оқиғаларға әсер ете алады»

Желіде әлемдегі өзгерістерді Дүниежүзілік экономикалық форум қалыптастыратыны туралы видео таратылуда. Себебі әлемдік үкіметтерде ДЭФ-тегі глобалистер отыр екен. Таралған ақпарат жалған.

Интернетте соңғы жылдары ДЭФ-ке қатысты қастандық теориялары көп таралуда. Конспирологтардың назары осы ұйымда. Соңғы фейктердің бірі – «ДЭФ климаттың өзгеруін тоқтату үшін қалдық жеуді ұсынады». Көптеген фактчекерлер, соның ішінде біздің сайт ьа, бұл жалған ақпаратты жоққа шығарды.
Дүниежүзілік экономикалық форум – бұл халықаралық үкіметтік емес ұйым. Сондықтан үкіметтерде оның адамдары жоқ. Британдық Колумбияның Роял Роудс университетінің коммуникация және мәдениет кафедрасының доценті Дэвид Блэк ДЭФ-ті «егеменді үкіметтерді басқара алмайтын элиталық пікірталас» деп атайды.
Бұл шынымен де солай. Форумға түрлі елдердің көшбасшылары жиналады. Жаһандық мәселелерді талқылай отырып, әртүрлі қызмет салаларының мамандары консенсусқа келіп, планетаның түкпір-түкпірінде халықтың қауіпсіз және сапалы өмір сүруінің алгоритмдерін жасауға тырысады. ДЭФ-тің әлемдік үкіметтерді қандай да бір жолмен бақылайтынына дәлел жоқ.
Видеода Клаус Шваб әділетті әлем құру үшін «Ұлы қайта жаңару» қажет дейді. ДЭФ директоры өз жобасын 2020 жылы ұсынған. «Қайта жаңарудың» басты мәні – коронавирус пандемиясынан кейін әлемдік экономиканы қалпына келтіру бойынша қажетті шаралар. Оның ішінде экология мен өзара тиімді инвестицияларға, сондай-ақ жауапты капитализмге көп көңіл бөлінеді. Швабтың айтуынша, ескі әлем болмайды, болашақта үлкен күйзелістерді болдырмау үшін тәсілдерді өзгерту қажет. Конспирологтар жобадан жаңа әлемді орнатуға арналған жаңа қастандықты негізсіз байқаған.
«Ұлы қайта жаңаруды» АҚШ президенті Джо Байден мен Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон қолдады. Канада премьер-министрі Джастин Трюдо 2020 жылы БҰҰ-да өткен кездесуде пандемия шынымен «қайта жаңаруға» әкелуі мүмкін деген пікірін жеткізді. Оны бірден ДЭФ-тің сыбайласы және глобалистердің бірі деп атады.
ДЭФ-тің әртүрлі елдердің Үкіметтерінде өз адамдары бар екенін растайтын нақты фактілер жоқ. Сондай-ақ, ұйым әлемді өз қалауымен өзгертеді дегенге сенуге негіз жоқ. Демек, видео тағы бір фейк болып табылады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button