Конспирология

Фейк: «Желіде ормандардағы өрт адамның ісі екеніне дәлелдер тарады»

Әлеуметтік желілерде орман өрттері адамның ісі екеніне «дәлелдер» топтамасы тарады. Оларды талдап, неге ештеңені дәлелдемейтінін түсіндірейік.

Роликте айтылған бірқатар тармақтарды талдаймыз.

1. Ағаштарға зақым келмесе, үйлер толығымен жанып кетеді.
Ролик авторының пікірінше, дала өрті салдарынан аман қалған ағаштар өрттің қойылғанын және ошақтары тікелей өртенген ғимараттарда болғанын дәлелдейді. Бұл олай емес. Күлдің ортасында тұрған ағаштар мен тіректерді ғылыми тұрғыдан түсіндіруге болады. Дала өрті көбінесе ұшқындар мен ұшқан ұсақ көмір арқылы таралады. Тиісінше, ғимараттың үлкен қабырғасына ұшқындар мен көмір көбірек түседі, яғни оның жану ықтималдығы артады. Сонымен қатар ағаштың жіңішке және биік діңіне ошақ түспейтіндіктен, ол жанбай қалады.

2. Дала өртінің температурасы қатты болмаса да, көптеген машиналардың әйнегі еріп кетеді.
Конспирологтардың пікірінше, мұны орман мен қаланы өртейтін арнайы энергетикалық қарудың әсерімен түсіндіруге болады. Алайда, мұның бұдан басқа, әлдеқайда қисынды түсіндірмесі бар. Ірі орман өрттерінде жану температурасы шыныны ерітіп жіберетіндей жоғары болуы мүмкін. Кейде үйлерде қатты өрт болғанда да әйнектер балқып кетіп жатады. Бұл ретте әйнек тікелей жалынның қасында болмауы мүмкін. Кейде оттың ыстығынан терезенің шынысы еріп кетеді. 

3. Гавайиде боғлан өрт салдарынан атақты адамдар мен байлардың үйлері зардап шекпеген, тек қарапайым адамдардың ғана үйлері жанған.
Конспирологтар бұл жағдай өрттің қойылатынын дәлелдейді деп түсіндіреді. Алайда, мұндай тезистер ашық манипуляция болып табылады. Гавайидегі өрттерге келсек, Гавайи бір емес, бірнеше арал екенін атап өткен жөн. Өрттенбір Мауи аралындағы Лахайна қаласының бөлігі ғана зардап шекті. Онда атақты адамдардың үйлері болмаған. Ауқатты адамдардың баспаналары аралдың басқа бөлігінде орналасқан, онда өрт шықпаған. Кейбір жұлдыздардың мүлкі Мауи емес, Кауаи сияқты басқа аралдарда орналасқан. Яғни, жұлдыздардың үйлері өрттен алыс болғандықтан өртенбеген.

4. Бағытталған энергетикалық қару ауыр өрт шығаруы мүмкін.
Бағытталған энергия қаруы деген бар. Бұл үлкен жылдамдықпен энергия шығаратын лазерьлер. Мұндай қаруды ұшқышсыз басқарылатын ұшақтарға және басқа алыс және қозғалмалы нысандарға қарсы қолдануға болады. Бүгінгі таңда мұндай қару тек демонстрациялар кезінде ғана қолданылғаны белгілі. Оны нақты жағдайда пайдалану туралы да, мұндай қарудың көмегімен ауқымды орман өрттерін ұйымдастыруға болатындығы туралы да хабарланған жоқ. 

Демек, бұл тезис негізсіз және оған сенбеген жөн.
Осылайша, видеода айтылған негізгі идеялар өтірік болып табылады және расталмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button