Конспирология

Фейк: «Pfizer-дің мақсаты – Жер халқын екі есе азайту»

Әлеуметтік желілерде Pfizer компаниясының бас директоры Альберт Бурланың сөйлеген сөзінің бейнежазбасы тарады. Ол компанияның мақсаты 2023 жылға қарай Жер халқының санын екі есеге азайту екенін айтады. Бұл ескі фейк.

Бұл видео Желіде 2022 жылдың мамыр айында тараған. 
Роликті Бурла адамзатты жою жоспарларын мойындағандай етіп әдейі монтаждаған. Шындығында, ол мұндай мәлімдеме жасамаған. Оның сөйлеген сөзін Желіден толық тыңдауға болады. Ол онда былай дейді:
«2023 жылға қарай біз дәрі-дәрмегімізді сатып ала алмайтын әлемдегі адамдардың санын 50%-ға азайтамыз. Меніңше, бұл арманымыз жүзеге асып келеді».
Яғни, түпнұсқа жазбадан дәрі-дәрмек туралы сөздің бір бөлігі әдейі алынып тасталған, нәтижесінде Pfizer директоры жалпы адамдардың санын азайту туралы айтқандай болып шықты.
Бұл таралған хабарламаның жалған екенін дәлелдейді. Түпнұсқа видеодан бір фрагментті әдейі алып тастаған, нәтижесінде сөздердің мағынасы толықтай бұрмаланған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button