Фейк: «Moderna COVID-19 мРНҚ вакциналары қатерлі ісік ауруын тудыратынын мойындады»
Әлеуметтік желілерде амеркиалық Moderna компаниясының COVID-19 мРНҚ вакцинасы қатерлі ісік ауруын тудырады деген ақпарат тарады. Мұны ұйымның өзі мойындаған екен. Бұл туралы конспиролог дәрігер Роберт Мэлоун мәлімдемеген. Бұл рас па? Анықтайық.
Жарияланымда британдық The Exposе сайтында жарияланған мақаладан алынған үзінді пайдаланылған. Порталда қастандықтар туралы жазылады және фейк жаңалықтар, соның ішінде коронавирусқа қарсы вакцинация туралы жалған ақпарат жарияланады.
Мақала 2023 жылғы 13 қарашада АҚШ-та өткен «COVID-19 қарсы вакциналардан болған жарақаттар» атты тыңдаулардан кейін жазылған. Іс-шарада Роберт Мэлоун сөз сөйледі. Ол Moderna өз патентінде мРНҚ вакцинасының ДНҚ-мен ластанғанын мойындағанын айтты.
Роберт Мэлоун кім және оның сөздері шындыққа сәйкес келе ме? Алдыме осыған тоқталайық. Бұл америкалық дәрігер, вакцинацияға қарсы белгілі тұлға. 2022 жылы ол мРНҚ қолдану технологиясын ойлап тапқанын мәлімдеген, бірақ бұл олай емес.
Сондай-ақ ол SARS-CoV-2 вирусы балалар үшін қауіпті емес және вакцинациядан денсаулықпен үлкен проблемалар туындайды деп айтқан. Біз бұл пікірді жоққа шығарған болатынбыз.
Биыл қараша айындағы тыңдау барысында Мэлоун Moderna-ны олардың вакцинасында онкогендердің жандануына әкелуі ықтимал миллиардтаған ДНҚ фрагменті мен басқа қоспалар бар деп айыптады. Шындығында, барлық егулерде патогендік фрагменттердің фрагменттері және басқа ингредиенттер болады. Бірақ олардың барлығы қауіпсіз және тиімді. Вакцинаны құрайтын компоненттер міндетті түрде тексеріледі. Содан кейін бірнеше кезеңмен еріктілерде зерттеу өткізіледі. Жаппай вакцинация басталған кезде тұрақты бақылау жүргізіледі.
мРНҚ вакциналары қатерлі ісік тудыратынына немесе ДНҚ-ны өзгертетініне ғылыми негізделген дәлелдер жоқ. Әлеуметтік желілерде таралған жалған ақпаратты көптеген фактчекерлер, соның ішінде Reuters News Agency командасы жоққа шығарды.
АҚШ Денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету министрлігінің сайтында Moderna компаниясының COVID-19 қарсы мРНҚ вакцинасының толық сипаттамасы бар. Препарат құрамында SARS-CoV-2 вирусының генетикалық кодының аз ғана бөлігі бар. Адам ағзасына енгеннен кейін ол жасушаларды масақ тәрізді вирус ақуызын жасауға итермелейді. Вакцинаның басты мақсаты – иммундық жүйені осы ақуызды тануға және адам ағзасына енген жағдайда оны жоюға үйрету. Moderna сайтында мРНҚ технологиясы түсіндірілген мақалалар көп.
Пенсильвания Университетінің Анненберг коммуникация мектебі Мэлоунның 2019 жылы жарияланған Moderna-ның патенттік өтінімінің бөліміне сүйеніп отырғанын анықтады. Бұл өтінім РНҚ вакциналарына, ал америкалық дәрігердің түсініктемесі ДНҚ вакциналарына қатысты. Соңғысы осы күнге дейін Америка Құрама Штаттарында эксперименталды болып қалуда.
Демек, COVID-19 қарсы мРНҚ вакциналарында қатерлі ісік тудыратын гендерді кодтайтын қалдық ДНҚ бар деген мәлімдеме жалған.