Fake News

Фейк: «Экс-сенаторды балалар саудасы туралы шындықты ашқаны үшін өлтірген»

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар Джорджия штатының бұрынғы сенаторы Нэнси Шефферді кәмелетке толмағандарды қорғау қызметтерінің қатысы бар балалар саудасының дәлелдемелерін әлемге ұсынуға уәде еткені үшін өлтіргені туралы жазуда. Бұған ешқандай дәлел жоқ.

Нэнси Шеффер Джорджия штатының сенаторы болып екі рет сайланған. Оның өкілеттіктері 2008 жылы аяқталды. Ал 2010 жылы ол қайтыс болды.
Нэнси Шеффер мен күйеуі Брюстің денесін ата-аналарына қонаққа келген ересек балалары тапқан. Оқиға орнына жеткен полицейлер сенатордың күйеуі алдымен оны артынан атқан, содан кейін өзін-өзі атып өлтіргенін анықтады. Бұл болжам күрес немесе есікті бұзу белгілерінің болмауы, отбасы мүшелерінңң хаттардың болуы және күйеуі Нэнси Шеффер жазған өлім алдындағы хатпен расталды. Сондай-ақ, саясаткердің жұбайының денесінің жанында жатқан екі оқ атылған тапанша табылды.
Кейбір дереккөздердің айтуынша, Брюс Шеффер қатерлі ісік ауруымен ауырған, сондай-ақ отбасында қаржылық қиындықтар болған, бұл осы жағдайға әкеп соқтырған брлуы ықтимал.
Балалар саудасына келетін болсақ, қайтыс болғандардың жеке заттарынан бұл теорияны растайтын құжаттар немесе басқа дәлелдер табылған жоқ. Ерлі-зайыптылардың өлімінен кейін олардың балалары бұл туралы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Әлемдік элита балаларды ұрлап, оларды аздырады, өлтіреді және түрлі шайтандық салт-жоралар кезінде кезінде тамақ ретінде пайдаланады деген теория Pizzagate қастандық теориясымен тығыз байланысты. Бұл толығымен дәлелсіз және тәуелсіз фатчекерлермен де, полиция қызметкерлерімен де бірнеше рет теріске шығарылған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button