Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналар балалардың ағзаларында қайтымсыз өзгерістер тудырады»
Әлеуметтік желілерде COVID-19-ға қарсы вакциналар балалардың миына, жүрегіне, қан тамырларына, репродуктивті жүйесіне және денсаулығына байланысты басқа да қайтымсыз зақым келтіреді деген ақпарат таратылуда. Бұл тұжырымның авторы – өзін мРНҚ технологиясын жасаушы деп атайтын Роберт Мэлоун. Мұның бәрі өтірік.
Роберт Мэлоунның мРНҚ технологиясының дамуына жанама қатысы бар және оны жасаушы емес екендігі туралы біз жазған болатынбыз. Оның «вакцинацияны жақтаушы» деген сөздері де өтірік сияқты. Ол бұған дейін қалай болғанда да адамдарды екпе салдырмауға шақырып, COVID-19 қарсы вакциналар туралы бірнеше рет жалған ақпарат таратқан.
Таратылған видеода ол COVID-19 қарсы вакциналар балалар ағзаларында қауіпті токсин болып табылатын және миға, жүрекке және басқа мүшелерге тұрақты зақым келтіретін S ақуызының бөлуінуіне әкеледі. Бұл фейк, оның авторы – доктор Байрам Брайдл. S-ақуызының уыттылығы туралы мәлімдемелердің жалған екендігі туралы бұған дейін айтқанбыз.
Доктор Мэлоунның S ақуызы миға, жүрекке немесе басқа мүшелерге зақым келтіруі мүмкін деген сөздеріне ешқандай дәлел жоқ. АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын қадағалау басқармасының (FDA) ресми сайтында жарияланған баспасөз хабарламасында «вакцинаның қауіпсіздігі 5 жастан 11 жасқа дейінгі 3 100 балаға зерттелді. Зерттеу барысында ешқандай жанама әсерлер анықталған жоқ» деп жазылған.
Балаларды COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды тікелей бақылайтын және жүргізетін дәрігерлер балалардағы ең көп таралған жанама әсер инъекция орнындағы ауырсыну екенін айтады. Ересектерде бас ауруы, қалтырау және бұлшықет ауруы жиі болса, балаларда сирек кездеседі.
Доктор Мэлоунның Sars-CoV-2 вирусы балалар үшін қауіпті емес деген тұжырымдары манипуляция болып табылады. ЮНИСЕФ-тің биыл қаңтар айындағы мәліметтері бойынша, әлемде тіркелген 3,5 миллион COVID-19 өлімінің 12 300-ін 20 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер құрайды.
Америкалық педиатрия академиясы балалар арасында COVID-19 аурушаңдығының өсуі туралы хабарлады. Сарапшылар мұны омикрон нұсқасының пайда болуымен байланыстырады.
Сондықтан, егер балалар COVID-19-бен ауырса, олар ересектер сияқты инфекция тасымалдаушылар болуы мүмкін.
Қазнетте таратылып жатқан доктор Малоунның видеосын HealthFeedback және AAP сияқты басылымдар жоққа шығарды.
Осылайша, бейнеде көрсетілген тезистерге сенудің қажеті жоқ. Олардың барлығы фейк және вакцинаға фактчекерлер жоққа шығарған қарсы адамдар таратқан жалған ақпаратқа негізделген.