Фейк: «Адамдарға ұқсас роботтар арамызда тұрып жатыр»
Қазнет қолданушылары адам тәрізді робот жасау процесі көрсетілген видеоны таратуда. Мұндай роботтар ұзақ уақыт бойы арамызда өмір сүріп келеді және адамдар туралы жасырын ақпарат жинайды екен. Бұл жалған.
Видеода көрсетілген робот – 2018 жылы британдық Engineered Arts компаниясы жасаған андроид Фред.
Ол адамдарды бақылау үшін емес, «Жабайы батыс әлемі» сериалының екінші маусымының промо-акциясы үшін жасалған. Басты кейіпкерлердің көбі – бай адамдарға арналған тақырыптық саябақта тұратын және демалуға келген қонақтарға «жем болу» үшін қызмет ететін адамдарға ұқсас роботтар. Алайда, кейбір андроидтарда кенеттен сана-сезім пайда болып, олар саябақта төңкеріс жасап, қонақтар мен аттракционға иелік ететін компанияның қызметкерлерін өлтіреді.
Қазнеттегі видеода көрсетілген андроид Фред барда отырып, сериал кейіпкерлерінің сөз тіркестерін қайталап, келушілермен сөйлесіп, оларда ғылыми-фантастикалық драмаға деген қызығушылық оятқан.
Промо-акцияның видеосында Фредті тірі адаммен шатастыру мүмкін еместігін көруге болады. Біріншіден, әзірлеушілер қанша тырысқанымен, ол адамнан гөрі гипер-шынайы қуыршаққа ұқсайды. Екіншіден, әңгіме барысында Фредтің сөз тіркестері алдын ала жазылғаны естіліп тұр және дыбыс оның басының шыққандай болады, ал ерні басқаша жыбырлайды.
Фредпен сөйлескен адамдар андроидтан жаман әсерде қалғандарын айтқан. Бұл таңғажайып алқап құбылысына байланысты. Адам тәрізді роботтар, қуыршақтар немесе анимациялық аватарлар адамдарда түсініксіз сезім тудыратын әсер осылай аталады. Психологтардың гипотезаларының бірі таңғажайып алқап әсері адам андроидтың сырт келбетінен, бет-әлпетінен, сөйлеу мәнерінен және мінез-құлқынан бірқатар ауытқушылықтарды бейсаналық түрде байқаған кезде пайда болады және психика оларды аурудың немесе қауіпті ауытқудың белгілері деп танып, одан аулақ болуға итермелейді дегенге негізделеді. Психологтардың таңғажайып алқап әсерінің пайда болуын түсіндіретін басқа да гипотезалары бар.
Бұл құбылыстың себептері қандай болса да, бұл адамдарға тірі адамды роботпен, қуыршақпен немесе манекенмен шатастыруға жол бермейді деуге болады.
Бүгінгі күні жасалған адам тәрізді робот, аз да болса, оған қараған кезде әлі де қорқыныш пен алаңдаушылық сезімін тудырады. Андроид Амеканы 2022 жылы аталған Engineered Arts компаниясы ққрастырған. Амеканың мимикасы Фредке қарағанда адамға әлдеқайда жақын, сонда да оны кісімен шатастыру мүмкін емес. Сонымен қатар Амека ойын-сауық, жарнама компаниялары немесе әртүрлі қоғамдық іс-шараларға назар аударту үшін жасалған. Адамдарды бақылау оның функционалына жатпайды.
Қорыта айтқанда, қазіргі уақытта адамдар арасында байқалмай өмір сүретін және жасырын түрде ақпарат жинай алатын роботтар жоқ. Демек, таралған ақпарат – фейк.