Конспирология

Фейк: «Пандемия әлемде тоталитарлық бақылау орнату үшін қажет болды»

Желіде Еуропарламент депутаты Кристина Андерсонның сөзі тарады. Ол пандемия кезіндегі карантиндік шаралар өзіндік сынақ болды деп мәлімдейді. Осылайша әлемде тоталитарлық режим орнату қаншалықты оңай болатыны тексерілген. Бұл – конспирология.


Кристина Андерсон COVID-19 пандемиясы, карантин және вакцинация туралы жалған мәлімдемелерімен белгілі. Яғни, Андерсон бұл мәселеге қатысты біржақты пікірде, сондай-ақ конспирологиялық және ғылымға қарсы теорияларға сенуге бейім.
Бұл оның алдағы тоталитарлық режим туралы сөздеріне де қатысты. Нақтырақ айтқанда, дәйексөзде әлемді басқаруға ұмтылатын «глобалистер» туралы айтылады. Мұндай терминология Жаңа әлемдік тәртіп туралы қастандық теориясының белгісі. Бұл идея мүлдем дәлелденбеген, оған сәйкес, әлемде жасырын қоғам бар, оның мүшелері барлық әлемдік көшбасшылар үшін шешім қабылдайды және көлеңкеде қалып, бүкіл адамзаттың тағдырын шешеді.
Карантиндік шектеулер мен локдаундар қандай да бір «сұр кардиналдардың» нұсқауымен емес, әртүрлі елдердің үкіметтерінің шешімімен енгізілді және адамдарды инфекциядан қорғауға бағытталды. Пандемия нәтижесіндегі зерттеулер локдаундардың COVID-19 таралуын тежеуге септігін тигізгенін көрсетуде.
Пандемияның жоспарланғаны және онымен күресу шаралары адамдардың денсаулығын сақтауға бағытталмағанына дәлел жоқ. Мұндай теориялардың бәрі конспирологияға негізделген және нақты дәлелдері жоқ. Еуропарламент мүшесі Кристина Андресон біржақты пікірде және COVID-19 туралы қастандық теорияларына сенеді, демек, оның сөздері сенімсіз және күдік тудырады.
Қорыта айтқанда, таралған ақпарат – фейк. COVID-19 пандемиясы әлемде тоталитарлық режим орнатуға әкелмейді және оның мұндай мақсаты болды деген пікір ойдан шығарылған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button