Конспирология

Жалған: «Ағаштар мен бағаналар толық жанып кетпесе, өрт қолдан қойылған»

Instagram-да 2023 жылдың тамызында Гавайиде болған жойқын өрт қызу талқылануда. Пайдаланушылар кейбір суреттерден толығымен өртеніп кеткен ғимараттар мен көліктердің жанында тұрған ағаштар мен бағаналарды байқаған. Егер өрт аспаннан түссе, осылай болады екен. Бұл рас па? Анықтайық.


Ағылшын тілді конспирологтар Гавайидегі өрттен қираған Лахайна қаласының суреттері интернетті таралып кеткеннен кейін 10 тамызда ағаш діңдерін, мейрамханалардың қолшатырларын және көше бағаналарын өрттің қолдан қойылғанының дәлелі деп тапқан.
Осы уақытта фактчекерлер өрттің мұндай «әрекеті» оның қолдан жасалғанынының белгісі ме екенін анықтау үшін сарапшыларға жүгінді. 
Мэриленд университетінің профессоры және өрттен қорғау кафедрасының меңгерушісі Арно Труве Politifact порталына хабарлағандай, Гавайиде болған табиғи өрттердің әртүрлі бағытта таралуы жан-жаққа ұшқан шоқтан болады. Мәселен, көлемі шағын заттардың өрттен аман қалу ықтималдығы жоғары. Яғни, ғимараттың қабырғасында мұндай шоқ көп болуы мүмкін, сондықтан от тез және қарқынды жанады. Сонымен қатар мұндай ұшқындар тар металл бағананы айналып өтеді, соның арқасында құрылым өрттен аман қалады.
Сонымен қатар, Трувенің айтуынша, ғимараттар мен көліктердің ішінде өрт ұзағырақ жанады, әсіресе оттегі келетін терезе сынса немесе ашық болса. Ал жанып жатқан ағаштар тез сөнуі мүмкін.
Табиғи өрттен аман қалған ағаштар Гавайиден тыс жерлердер де байқалған. Мұндай жағдай 2008 жылы Калифорния штатында Лейк-Эрроухед көлінде және 2020 жылы Орегон штатының оңтүстігінде болған өрт кезінде болған.

Демек, табиғи өрт кезінде аман қалған ағаштар, бағаналар мен кейбір заттар болады, бұл қасақана өрттің дәлелі емес.
Олай болса, Қазнетте тараған теория жалған және оған сенудің қажеті жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button