Конспирология

Фейк: «COVID-19 пандемиясы 1981 жылғы кітапта сипатталған»

Telegram каналдарда COVID-19 пандемиясы америкалық жазушы Дин Кунцтың 1981 жылғы «Қара түнек жанары» романында сипатталған деп жазуда. Кітапта шын мәнінде не туралы жазылған және онда пандемияның болжағаны рас па?


Дин Кунцтың «Қара түнек жанары» («Глаза Тьмы») деген кітабы бар. Фантастикалық жанрдағы туындыда кішкентай ұлы қайтыс болған Тина Эванс туралы жазылған. Баласын жерлегеннен кейін бір жыл өткен соң Тина оның бөлмесінен не де болса оның тірі болуы мүмкін екенін меңзейтін хат тауып алады. Тина оны іздеген кезде өзі күткеннен де артық табады.
Романда аса қауіпті вирус туралы айтылатыны рас. 1981 жылы шыққан алғашқы басылымда ол Gorki-400 деп аталған. Автордың жазуынша, патоген қолдан жасалған және адамдар одан 24 сағаттың ішінде көз жұмған. Оны жұқтырған адамның аман қалуы мүмкін емес.
Яғни, туындының бастапқы нұсқасында COVID-19 пандемиясы жайлы айтылмайды. Бұл пандемия табиғи түрде пайда болған SARS-CoV-2 коронавирусынан болды. Оның үстіне, кітапта сипатталғандай оны жұқтырған адамдардың 100%-ы емес, 3-4%-ы ғана қайтыс болады.
1989 жылы кітапты қайта шығарған кезде Gorki-400 вирусының атауы Wuhan-400 деп өзгертілді. Осыған байланысты кітапта пандемия болжанған деген қауесет тарады. Шын мәнінде, вирустың атауын осылай өзгерту автордың қиялынан шыққан. Оның COVID-19 жұқтырудың алғашқы жағдайларының Уханьда тіркелуіне ешқандай қатысы жоқ.
Демек, Дин Кунцтың «Қара түнек жанары» («Глаза Тьмы») кітабында COVID-19 пандемиясы болжанбаған. Сонымен қатар сюжеттің бастапқы нұсқасында вирус Қытайда емес, Кеңес Одағында шығарылған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button