Конспирология

Фейк: «Бес жыл ішінде қолма-қол ақша толығымен жоғалады»

Әлеуметтік желілерде батыс БАҚ-тары алдағы бес жылда қолма-қол ақша толық жоғалады деп хабарлағаны туралы айтылуда. Бұл мәлімдеме нені білдіреді? Түсіндірейік.

«Қолма-қол ақша» «жоғалу» және «5 жыл» кілт сөздері арқылы іздеу жүйесінде The Motley Fool қаржылық сауаттылығы мен инвестициялары британдық порталына сілтеме шығады.  Порталдағы мақалада статистикалық деректерді жинауға және талдауға мамандандырылған Merchant Machine сайтына сәйкес, Ұлыбританияда адамдар 2026 жылға қарай қолма-қол ақшаны пайдалануды тоқтатуы мүмкін делінген. Мұндай болжамдар соңғы жылдары елдегі қолма-қол ақша айналымының тұрақты төмендеуі негізінде жасалды.

Сайтта басқа елдерге қатысты мұндай болжамдар болмаған. Сонымен қатар Ұлыбританияға қатысты болжам да оқиғаның өрбуінің жалғыз ықтимал нұсқасы ретінде емес, негізделген болжам түрінде айтылған.

Қолма-қол ақшадан бас тарту үрдісі көптеген дамыған елдерде байқалады. Мысалы, қазірдің өзінде Швецияда барлық төлемдер қолма-қол ақшасыз форматта жүзеге асырылады. Алайда, банктерді адамдарға қолма-қол ақша беруге міндететйтін заң бар: ақша кассаларда беріледі және банкоматтар купюралармен уақытылы толтырылады.

Финляндия мен Норвегияда, Жаңа Зеландияда да осындай нормалар бар, онда азаматтардың басым бөлігі қолма-қол ақшасыз есеп айырысқанды жөн көреді. 

Демек, бүгінгі күні бес жылдан кейін әлемде қолма-қол ақша жоғалады деп айтуға негіз жоқ.  Кейбір дамыған елдер қолма-қол ақшасыз төлемдерге толықтай ауыса алады, бірақ бұл қолма-қол ақша айналымнан мүлдем шығарылады дегенді білдірмейді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button