Конспирология

Фейк: «Бай адамдар тұратын жерде 5G-ге тыйым салынды»

Telegram-да АҚШ-тың Палм-Бич қаласында 5G желілеріне тыйым салынғаны туралы хабарлама тарады. Қалада көптеген бай және танымал адамдар көп тұрады, оның ішінде Дональд Трамп пен Билл Гейтс те бар, олар үйлерінің жанында осындай форматтағы байланыс бағаналарының болғанын қаламайды екен. Бұл шындыққа жанаспайды.

Рет-ретімен түсіндірейік. Палм-Бич қаласында 5G желісіне ешкім тыйым салған жоқ. 2022 жылдың қаңтарында технологияны әуежай маңында енгізу уақытша тоқтатылды, өйткені ол авиациялық жабдықтың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Палм-Бич әуежайы 5G желілерін әлі іске қоспау туралы шешім қабылданған АҚШ-тағы елу нысанның бірі. Жаңа форматтағы байланысты қамтамасыз ететін бағаналар Нэшвилл, Даллас, Остин, Детройт, Фресно және басқа қалалардың әуе айлақтарына жақын маңда уақытша қойылмайды. 
Әуежайлар жанында 5G желілерін орналастыруға уақытша мораторий 2023 жылдың шілдесіне дейін жалғаспақ. Осы уақытқа дейін мамандар мәселені шешіп, 5G желілері ұшақ жабдықтарының дұрыс жұмысына кедергі келтірмейтіндей етеді деп күтілуде. 
5G желілері Палм-Бичте сол жерде тұратын Гейтс пен Трамп үшін қойылмайды дегенге келетін болсақ, бұл мәлімдеме де шындыққа жанаспайды. Билл Гейтстің үйі Вашингтон штатының Медина қаласында орналасқан.
Дональд Трамптың Палм-Бичте мүлкі, сондай-ақ Нью-Йоркте пентхаусы және үйі, Сент-Мартин аралында шатосы, Вирджиния штатында жер иелігі мен шарап зауыты және басқа да мүліктері бар.
Демек, Палм-Бичте 5G желілеріне тыйым салынды деген ақпарат жалған. Оны орнату елдің 50 әуежайына жақын жерде уақытша тоқтатылды. Бұған Билл Гейтстің де, Дональд Трамптың да қатысы жоқ.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button