Фейк: «HAARP жүйесі – бұл уақытта қозғалуға арналған құрылғы»
Telegram чаттарда уақытты саяхат жүйесі көп жылдан бері жасырын түрде бар екендігі туралы жазылды. Бұл Аляска университетіне тиесілі HAARP жүйесі екен. Бұл жалған.
HAARP жүйесі – поляр шұғыласын жоғары жиілікті белсенді зерттеу бағдарламасы. Ол Жердің ионосферасын бақылауға арналған. Қондырғы атмосфераның жоғарғы қабатына және ионосфераға 3,6 мегаватт сәуле шығарады. Тарату жиілігі 2,7-ден 10 МГц-ке дейінгі диапазонда болады. Осы сәуленің көмегімен жүйе ионосферадағы бұзылуларды бақылап, олардың салдарын анықтайды.
Мұндай технология уақыттағы қозғалысты қамтамасыз ете алмайды. Сонымен қатар қазіргі заманғы ғылымда уақыттың тез немесе баяу өтуіне мүмкіндік беретін технология әлі белгісіз. Осыған қатысты әртүрлі гипотезалар бар, бірақ ғалымдар бір кездері уақыт саяхаты шындыққа айналса да, онда өткенге емес, болашаққа ғана түсу мүмкін болады.
HAARP жүйесінің уақыт машинасы екендігі туралы ақпарат – негізсіз және ғылымға қарсы мәлімдеме, ол расталмайды. Мұндай теорияларға сенудің қажеті жоқ.