Fake News

Фейк: «Желіде элиталық бункерлердің бірінің видеосы тарады»

Әлеуметтік желілерде ішінде адамдар бар қабырғалары биік сұр түсті үлкен бөлменің видеосы тарады. Ол «элиталық бункерлердің» бірінде түсірілген екен. Шындығында, бұл мәлімдеме жалған.


Видеода элитаның бункері емес, Еуропадағы ең үлкен Прахов тұз кеніші көрсетілген. Ол Румынияда Бухаресттен солтүстікке қарай 100 шақырым жерде орналасқан Сланич қаласында (немесе Слэник, Сланик) орналасқан.
Шахтада тұз өндірілмегеніне біраз болды. 1970 жылдан бастап ол туристер үшін есігін айқара ашты. Тұз шахтасында тұрақты температурасы 12-13ºС болатын микроклимат қалыпатсқан.
Прахов шахтасының өзі тағы екі Унирея (Unirea) және Михай (Mihai) шахталарына бөлінеді. Унирея шахтасы 208 метр тереңдікте, ал оның үстінде, 40 метрлік аралықпен Михай орналасқан.
Әртүрлі дереккөздерде шахтаның әртүрлі өлшемдері келтірілген. Шахтаның ұзындығы – 5-6 шақырым, ені шамамен 2-3 км. Унирея шахтасының биіктігі – 54 метр, ал Михай шахтасы – 66.
Тұз шахталары бірнеше бөлмеге және галереяға бөлінген. Әр түрлі бөлмелерде тұз өндіруге және кеншілерді құтқаруға арналған жабдықтары бар көрмелерді, тұз мүсіндерді тамашалауға және румын халқының мыңжылдық тарихымен танысуға болады. Унирея шахтасында волейбол, теннис, шағын футбол ойынауға арналған және балалар алаңдары бар. Сондай-ақ онда Румыниядағы ең үлкен Supernova планетарийі орналасқан.
Тұз шахталарына туристер көп барады. Таралған видеода адамдардың қаптап жүргені де сондықтан.
Демек, Желіде тараған видео адамдарды жаңылыстырады. Бұл «элитаға арналған бункер» емес, кез келген адам кіру ақысын төлеп, тамашалай алатын туристік орын. Интернетте бұл жердің әдемі фотосуреттері мен видеолары көп.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button